«Бауырым, сені күтеміз»: Видео арқылы әскерге шақырған жігіт марапатталды

«Бауырым, сені күтеміз»: Видео арқылы әскерге шақырған жігіт марапатталды

ашық дереккөзі

TikTok-тегі роликті ұйымдастырған әскери қызметші марапатталды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, өткен жазда сарбаздар достарына әскери қызметті таныстыру видеоларын түсіру туралы ұсыныс жасаған.

«Министрлік сарбаздардың қызығушылығын ескере отырып,  TikTok әлеуметтік желісінде армия туралы ең жақсы видеоға конкурс жариялады. Жеңімпаз көрілім және лайктардың саны бойынша анықталды», - деді Қорғаныс министрлігі.
Бірінші орынды қатардағы жауынгер Нұрболат Әділбай иеленді. Оның «бауырым, сені күтеміз» ролигі жарты миллионнан астам көрілім мен он мыңдаған лайк жинады. Қатардағы жауынгер Ақылбек Максимов «қазақ жігіттері» деген ролик жариялап, байқауда екінші орын алды. Ал үшінші орын «әскерге барғаныма өкінбеймін» атты бейнероликтің авторы қатардағы жауынгер Ілияс Әбеновке бұйырды. Министрлік байқау жеңімпаздарын елордаға шақырып, қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов оларға 200 мың, 150 мың және 100 мың теңге ақшалай сыйлық және дипломдар мен алғыс хаттар табыстады. Конкурс жеңімпазы Нұрболат Әділбай үшін басты жүлде – үйіне барып келуге берілген 10 күндік демалыс болды.

Taulik.kz

Loading...