logo
search
menu
Қадыров АҚШ билігін барлық баласын санкциялар тізіміне қосуға шақырды
ашық дереккөзі

Қадыров АҚШ билігін барлық баласын санкциялар тізіміне қосуға шақырды

Қадыров АҚШ билігін барлық баласын санкциялар тізіміне қосуға шақырды Шешен республикасының басшысы Рамзан Қадыров АҚШ билігін барлық баласын санкциялар тізіміне қосуға шақырды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
«Штаттағылар батыста мүлкімнің де, шотымның да жоқ екенін жақсы біледі, бірақ сонда да мені санкциялар тізіміне енгізді. Бұл жолы олар қандай да бір себептермен отбасымның мүшелерін де тізімге қосқан. Олардың қатарында кеше ғана кәмелеттік жасқа толған қызым да бар. Америкалықтар, менің барлық балаларымды тізімге енгізейік. 14 балам бар, ең кішілері – егіз Хасан мен Хусейн, бес жаста. Оларды да тізімдеріңе қосыңдар», - деп жазды ол Telegram арнасында.

Taulik.kz