Елорданың бұрынға атауын қоғам талап етуде - Мәжіліс депутаты

Елорданың бұрынға атауын қоғам талап етуде - Мәжіліс депутаты

ашық дереккөзі

«Елорданың бұрынғы атауын қайтаруды қоғам талап етіп отыр». Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева айтты.

«Мен астанаға бұрынғы атауын қайтаруды қолдаймын. Шындығында, Нұр-Сұлтан атауы халық арасына сіңіп кете алмады. Қарапайым өмірде еліміздің бас қаласын Астана деп атау жалғасып келеді. Сонымен қатар, Парламентке елорданың бұрынғы атауын қайтару туралы өтініштер бірнеше айтылды», - деді Наталья Дементьева.
Оның пайымынша, елорданың бұрынғы атауын қайтару дұрыс қадам болмақ.
«Өйткені мұны қоғам талап етіп отыр. Депутаттардың бастамасы да дұрыс қабылданды. Алайда қаланың атауын қайта атау қазақстандықтардың әдеттегі өмір тәртібінде әбіргерге салмауы тиіс», - деді депутат.

Loading...