Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
17 қыркүйек, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Қазақстанда жылына 90-100 мың көлік шығаратын зауыт салынады

Қазақстанда жылына 90-100 мың көлік шығаратын зауыт салынады

Қазақстанда жылына 90-100 мың көлік шығаратын зауыт салынады
ашық дереккөзі
"Астана Моторс" компаниясы Қытайдың үш бірдей көлік зауытымен өзара меморандумға қол қойды. Атап айтқанда: Chery, Changan және Great Wall Motor.  Құжат лицензиялық келісімдер бойынша Қазақстандағы жаңа мультибрендті зауытта аталған маркалардың автомобильдерін шығару құқығына ие болады. Өндіріс құрылысы  2023 жылы Алматыдағы индустриалды аймақта салынатын болады.  Зауыт 2025 жылы салынып бітеді және онда Chery, Changan, Haval моделіндегі көліктер шығарылады. Жоспар бойынша жаңа мультибрендтегі өндіріс күші жылына 90-100 мың көлік шығаратын болады.  Бұдан бөлек аталған өндірістің 60% өнімі ТМД елдеріне экспортталатын болады (шамамен 55 мың көлік). Тек бұл тізімге Ресей кіре ме, жоқ па әлі нақтыланбаған.  Зауыт жаңа 2,2 мың жұмыс орнымен қамтамасыз етпек.