logo
search
menu

Елордадағы Nursultan жазулары өзгертіле бастады

Елордадағы Nursultan жазулары өзгертіле бастады
19 қыркүйек, 2022
Елордадағы Nursultan жазулары өзгертіле бастады
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Елордадағы Nursultan жазулары өзгертіле бастады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты 24.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Әлеуметтік желілерде «Нұржол» желекжолы бойындағы әріптердің орнынан алынып жатқан видеосы және Ботаника бағындағы Nur-Sultan жазуы да алынып жатыр. Еске сала кетейік, кеше Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Жарлығы жарияланды. Бұдан бұрын Президент «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Аталған Заң Парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданған.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы