Жапонияда жасы 100-ден асқан қарттар көп. Ресми статистикаға сәйкес елде ондай 90 мың адам бар, деп хабарлайды Taulik.kz сайты 24.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Бұл былтырмен салыстырғанда 4 мың адамға көп. Жасы жүзден асқандардың дені – әйелдер. Солардың ішіндегі ең қарт кейуана қазір 114-те. Жақындары мұның сыры – дұрыс тамақтану екенін айтады. Жалпы дәрігерлер өмір сүру ұзақтығы бойынша мемлекеттің алдыңғы қатарда тұруын озық медициналық технологиялармен байланыстырады. Жапондардың өздері де күтініп, денсаулығына көп көңіл бөледі. Taulik.kz
Жапонияда 90 526 адамның жасы жүзден асқан
Жапонияда 90 526 адамның жасы жүзден асқан
