
– Жобаны бастаған кезде қазақтың ырымдарын, ұлттық тағамдарын жасөспірімдерге, 13-18 жас аралығындағы балаларға көрсету – мақсатымыз болатын.Жастардың ең көп отыратын платформаларынан зерттеп, Instagram, TikTok, Youtube арналарында ең танымал форматта видео түсіруді ұйғардық. Жоба жастардың көп ауқымын қамтиды деп сендік. Шын мәнінде ойлағанымыз жүзеге асты деп ойлаймын. Бірақ бұл біздің істегіміз келетін жобаның 10%-ы ғана. Алдағы мақсаттар одан да үлкен. Негізі жоба Қазақстан бойынша да, шетелде жүрген жастарға да мәдениетімізді үйретуге бағытталған, соны мақсат қылып қойдық. – Жоба авторлары кім, қандай мамандықты меңгерген? Авторлардың қызығушылығы мен жобадағы орны туралы айтып өтсеңіз. – Жоба авторлары ретінде 4 адамды айта аламын (жоғарыда аттары аталған). Төртеуміз де кәсіпкерміз, ортақ достарымыздың арқасында Астана қаласында өткен кеште таныстық. Мамандықтарымыздың бұл жобаға бағдарланғаны жоқ. Десе де бізге «Шабыт» университетінің студенттері көп көмектесті. Оларға идеямызды айтқан кезде ұнатып, кино, сурет, музыка сферасындағы жас мамандар жобаға қолғабыс етті. Олардың шеберліктері мен біздің идея (қаражат) бір арнаға тоғысқанда, өздеріңіз көріп отырған жоба дүниеге келді. – Instagram желісіндегі айдарларды қандай мақсатта бөліп қойдыңыздар? Қандай айдарлар бар? «UIA: Ұлтуардың бейне күнделігіне» жеке тоқталып өтсеңіз. – Жастарға сериал түрінде «Ұлтуардың бейне күнделігімен» қоса, пайдалы фактілерді беріп отыруды ұйғардық. Себебі біздің айдарлар қазақтың зиялылары, өнері, қылқалам шеберлерінің салған суреттері туралы болды. «UIA: өнер», «UIA: жаңалық» деген айдарларымыз бар. Барлығын жай форматта емес, видео форматта, жастарға көруге оңай болатын, қысқа мәтін түрінде беріп отырмыз.

Айта кету керек, жобаны жүргізу барысында таргет, жарнама, блогерлік жарнама мүлдем болған жоқ. Барлығы – тірі аудитория. Өздері жиналды, бір-бірінен көрді, репост жасады.

– Біз секілді әлеуметтік, қазақтың мәдениетін дамытуға арналған парақшалар көбейіп келе жатқанын біз де білеміз. Ондай парақшалар бізге дейін де көп болды, бізден кейін де бола бермек. Мақсатымыз – оларды конкурент көріп, контентін ұрлау емес, керісінше оларды толықтыру. Былай айтқанда, олар істемеген нәрсені біз толықтырып, біз істеген нәрсені олар толықтырса деген арман болатын.Көптеген жобалардың, фильмдер мен сериалдар, сценарийлердің атворларымен, басшыларымен, үлкен компаниялармен тығыз жұмыс істейміз. Астана, Алматы, басқа да қалаларға барып, кездесіп, жобалар бойынша ақылдасып тұрамыз. Сонымен қатар коллаборациялар туралы сөйлесеміз. – Осындай танымдық бағытта жоба істегісі келетін жастарға қандай кеңес бересіз?
– Қазір бізге көмектескісі келетін, бізбен танысқысы келетін жастар көп. Жастардың талпынысы қатты қуантады. Бұл сферадағы ең маңызды фактор – жастардың құлшынысы.Қазіргі жастар жаңа заман жастары, өте креативті. Өйткені оларда бұл бағыттың шетелдік нұсқасын зерттеуге мүмкіндік бар. Олардың бұл өмірде бір кірпіш боп қалануларына тілек білдіргім келеді. Ескеріңіз, жоба бір істегеннен пайда болмауы мүмкін, екіншіден, үшіншіден пайда болатын шығар.

Сұхбаттасқан: Ақмарал БЕРЕКЕТ
Taulik.kz