Мәзір
21 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Дәрумендердің қатерлі ісік ауруын туындататыны рас па?

Дәрумендердің қатерлі ісік ауруын туындататыны рас па?

Дәрумендердің қатерлі ісік ауруын туындататыны рас па? Дәрумендердің қатерлі ісік ауруын туындататыны рас па?
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желілерде биологиялық белсенді қоспаларды қолданудың зияны туралы хабарламалар тарап жатыр, деп жазады taulik.kz Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап. «Қоспалар құрамындағы дәрумендер қатерлі ісік ауруын тудырады, өйткені олар D-изомерленіп жатыр. Ал L-изомерленген тағамнан алынған табиғи дәрумендер, керісінше, онкологиялық аурулардың алдын алады». Бұл ақпарат – өтірік. Мамандардың айтуынша, ББҚ немесе биологиялық белсенді қоспалар – бұл ағзаның белгілі бір функцияларына әсер ететін табиғи заттар немесе олардың фармакологиялық аналогы. Бұл қоспаларда аз мөлшерде витаминдер, аминқышқылдары, минералдар, антиоксиданттар, ақуыздар және фитохимиялық заттар болуы мүмкін.
«ББҚ дәрілік препарат емес, сондықтан оларды қатаң бақылау жүргізілмейді. Ал витаминдер, керісінше, белсенді заттардың қатаң реттелген дозаларын қамтиды, өйткені бұл – дәрі. Алайда витаминдер D және L изомерленуі бойынша бөлінбейді. Демек әлеуметтік желілерде айтылған пікір жалған», - дейді мамандар.
Сонымен қатар дәрумендер қатерлі ісік ауруын туғызбайды. Витаминдерді шамадан тыс қабылдау немесе гипервитаминоз адам денсаулығына зиян тигізуі мүмкін. Сарапшылар D және L изомеризациясына бөлу стереоизомеризация деп те аталатынын айтады. Стереоизомерия – молекулалардың молекулалық формуласы бірдей, бірақ бір-бірінің кескіні болатын химиялық қосылыстар құрылымы. Мұндай бөліну аминқышқылдарына тән. Айта кетсек, аминқышқылдары – ақуыздарға қосылатын органикалық қосылыстар. Адам ағзасында көп мөлшердк әртүрлі аминқышқылдары болады. Олар оның жұмысында маңызды рөл атқарады. 1980 жылдары АҚШ-та Юта химия және биохимия департаментінің зерттеуі ісіктердің бірнеше түріндегі D-аминқышқылдарының концентрациясы L-аминқышқылдарының концентрациясымен салыстырғанда төмен екенін көрсетті. Сонымен қатар Арлингтондағы Техас университетінің химия және биохимия кафедрасының жұмысы адамның сүт безі қатерлі ісігінің жасушаларында ауру жұқтырмаған сүт безі жасушаларына қарағанда D-аспартат, S-серин және D-глутамин 22 есе көп екенін көрсетті. Екінші жағынан, ауру жұқтырмаған жасушаларда D-валин, D – пролин, D-лизин және D-триптофан концентрациясы жоғары болды, бұл әртүрлі жасуша түрлерінде белгілі бір D-аминқышқылдарының арнайы сіңуін немесе бөлінуін көрсетеді. Яғни, D-аминқышқылдары мен онкологиялық аурулардың байланысын дәлелдейтін нақты зерттеулер жоқ. D-аминқышқылдарының концентрациясы қатерлі ісіктің әртүрлі түрлерінде артуы да, төмендеуі де мүмкін.
«Демек D-изомеризация дәрумендері қатерлі ісік ауруын тудырады деген пікір жалған. Біріншіден, витаминдер негізінен стереоизомерлерге бөлінбейді. Екіншіден, бұл жаңсақ пікір, өйткені D изомерлері – аминқышқылдары қатерлі ісік ауруын тудыратынына сенімді ғылыми зерттеулер жоқ», - делінген зерттеуде.

Апта талқысында: