Мәзір
13 ақпан, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Қазақстандағы өзге елдің елшіліктері қазақ тіліне құрмет көрсетпей ме?

Қазақстандағы өзге елдің елшіліктері қазақ тіліне құрмет көрсетпей ме?

Қазақстандағы өзге елдің елшіліктері қазақ тіліне құрмет көрсетпей ме? Қазақстандағы өзге елдің елшіліктері қазақ тіліне құрмет көрсетпей ме?
ашық дереккөзі

Қазақстандағы өзге елдің Елшіліктері әлеуметтік желідегі және сайттарындағы ақпаратты қазақ тілінде жүргізбейді. Бұл туралы Facebook желісіндегі қолданушы Сәкен Есіркеп жазба қалдырды. 

Өзге елдердің Қазақстандағы Елшіліктерін, оның ішінде нақты интернет сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшаларын қарап шықтым.

Мен қараған 64 елшілік сайтының тоғызында ғана қазақ тілінде ақпарат бар. Өздері елшілік жасап жүрген елдің тілін сыйлап, сол елдің мемлекеттік тілінде ақпарат таратушы бұл мемлекеттер Әзірбайжан, Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Латвия, Франция, Чехия, Өзбекстан және Германия.

Үшеуінде қазақ тілінде нұсқасы жасалғанымен іші бос, қазақша ақпарат қолжетімсіз. Олар АҚШ, Түркия және Жапония (ішінара ғана қазақша).
Отыз алты елшіліктің сайтында қазақ тілінде мүлдем ақпарат жоқ. Олар орыс, ағылшын және өз тілдеріндегі мәліметті қамтиды. Бұл елдер Армения, Беларусь, Болгария, Ватикан, Венгрия, Грекия, Израиль, Үндістан, Индонезия, Иордания, Иран, Испания, Италия, Канада, Қытай, Оңтүстік Корея, Куба, Қырғызстан, Ливан, Литва, Біріккен Араб Әмірлігі, Пәкістан, Польша, Португалия, Ресей, Румыния, Сербия, Словакия, Тәжікстан, Түркменстан, Украина, Финляндия, Швейцария, Эстония, Оңтүстік Африка Республикасы, Мальта. Он алты елдің елшілігінің ресми сайты табылмады.
Жақында Ереванда Қазақстанның Елшілігінде жұмыс істейтін досыммен сөйлестім. Армян мекемелері тек армянша жазылған хаттарды ғана оқып, хатты да тек армянша жазады екен. «Егер орысша немесе ағылшынша хат жазып, мекемелеріне жіберсең, оқымайды да. Бір шетке ысыра салады. Бізге де тек армянша хат жазады. Сосын, амал жоқ, бір армянды жұмысқа алдық. Келген, кететін хаттарды бізге аударып береді» дейді. Яғни, барлық елдің елшілігін мойындатып, армян тілін құрметтеуге, онымен санасуға мәжбүрлеп отыр.

Бізге де осыған келу керек. Шетел елшіліктерінің ресми сайтының өзінен қазақша мәліметті емге таппайтынымыз олардың ресми болмаса да қазақ тіліне деген іс жүзіндегі көзқарасы мен ұстанымын көрсетеді. Өзімізде мемлекеттік тілге деген принципті көзқарас болмаған жерде осылай жалғаса бермек.

Апта талқысында: