Үшаралдағы жанжал қайғылы оқиғамен аяқталды (ВИДЕО)

Үшаралда таяқ жеген азамат қайтыс болды.

Үшаралдағы қайғылы оқиғаның видеосы тарады, деп хабарлайды taulik.kz.

Үшаралда екі жігіт жолға таласып қалған. Видеода көріп тұрғандай, қызыл көлікке сүйеніп отырған жігітті байқамаған көлік жүргізушісі жүріп кетеді. Кейін сүйеніп отырған жігіт оған қарсылық білдірген. Жүргізуші сөзге келместен әлгі азаматты бетінен ұрып құлатады. Өкінішке қарай, ертеңінде басынан зақым алған азамат қайтыс болды.

 

Ал ұрған азамат қамауда отыр. Ол 8-12 жыл арасында бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Loading...