Мәзір
9 шілде, 2024 / taulik / Жаңалықтар

Құмар ойынға басы байланғандар: Заң қалай реттемек?

Президент лудоманияға қатысты Заңға қол қойды.

Құмар ойынға басы байланғандар: Заң қалай реттемек? Құмар ойынға басы байланғандар: Заң қалай реттемек?

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ойын бизнесі, лоторея және лотерея қызметі туралы» Заңға қол қойды. Заң күшіне енген күннен бастап не өзгереді? Нақты қандай бағыттар қамтылған? Taulik.kz тілшісі маңызды деректерді ұсынады.

6 кодекс, 15 заңға барлығы жүзден астам түзетулер енгізілген жаңа Заңда қатаң талаптан бастап, рұқсат етілетін нормалары да қарастырылған.

Мәселен ендігі жердге бәс тіге алмайтын азаматтар қатарына:

  • Мемлекеттік қызметкерлер
  • Әскери қызметкерлер
  • Құқық қорғау органдарының қызметкерлері
  • Бюджеттік ұйымдардың басшылары жатады.

Шектеу сақталмаған жағдайда жұмыстан шығарылады.

Ал нақты тыйымдар ше?

  • Көшедегі бильбордтарда
  • Көлік құралдарында
  • БАҚ-та
  • Кинода
  • Видеода
  • Анықтамалық қызмет көрсету орындарында

Борышкерлердің бірыңғай тізімінде тұрған тұлғаларға құмар ойындар ойнауға, бәс тігуге тыйым салынады.

Заңда тек букмекерлік кеңеселердің жұмыстары ғана емес, лоторея билеттері мен терминалдарына да қатысты өзгерістер бар.

Лоторея билеттерін таратуға және терминалдарын орнатуға

  • Тұрғын үйлерде
  • Жатақханаларда
  • Ғибадат үйлерінде
  • Мәдениет ұйымдарының ғимараты мен құрылыстарында
  • Білім беру мекемелерінде
  • Денсаулық сақтау мекемелерінде және осы орындардан 100 метр радиуста тыйым салынады.

Бұдан бөлек, жас балалардың денсаулығын қорғау үшін энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмағандарға сатуға тыйым салынады.

Шектеу мен тыйым толық енді деуге келмейді. Себебі рұқсат етілген жағдайлар да бар.

Құмар ойындарын жарнамалауға рұқсат етілетін жағдай

  • Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор орналасқан жерде
  • Спорт ғимараттарының ішінде
  • Спортшылардың киімінде
  • Спорттық тақырыпқа мамандаған БАҚ-та
  • Отандық телеарналар: халықаралық спорттық жарыстарды тікелей трансляциялған кезде.

Апта талқысында: