logo
search
menu

Қылмыстық топтардың дөкейлері ұсталғаны мәлім болды

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы екі жылда елде ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 120-дан астам қылмыстық іс тіркелді, деп Taulik.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

8 қаңтар, 2025
Қылмыстық топтардың дөкейлері ұсталғаны мәлім болды
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мазмұны

    Министрліктің ақпаратына сәйкес, тіркелген қылмыстық істердің 13-і трансұлттық қылмыстық топтардың қызметімен байланысты болған. Аталған істер шеңберінде 600-ден астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

    Сонымен қатар, халықаралық іздеуде болған 27 ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі, соның ішінде қылмыс әлемінің беделді тұлғалары ұсталған. Қазақстан аумағында жақын шет елдерден келген алты "заңдағы ұрының" әрекет етуіне тосқауыл қойылған.

    Министрліктің мәліметінше, бопсалау және басқа да ауыр қылмыстарды ұйымдастырған 160 қылмыстық топтың заңсыз әрекеттері тоқтатылған. Бопсалау бойынша 1300-ден астам қылмыстық іс қозғалып, адам саудасына қатысты 400-ден астам қылмыс анықталған.

    Қазақстан ІІМ ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы күресті жалғастырып, осы бағытта қосымша нақты шаралар қабылдауды жоспарлап отыр.