Ол адамның психологиялық және жекелік даму деңгейлерін талдайды, олардың белгілі бір жас ерекшелік даму нормаларына сәйкестігін бағалайды және әртүрлі факторлардың психикаға әсерін зерттейді.
Жас ерекшелік психологиясының пәні – адамның өмір сүру барысында психикасы мен іс-әрекетінің өзгеру заңдылықтары мен тенденциялары. Оның орталық ғылыми категориясы – психикалық даму болып табылады. Даму – жаңа механизмдердің, процестердің және құрылымдардың пайда болуы мен сапалық өзгерістерден тұратын күрделі процесс. Бұл процестің негізгі үш аспектісі:
Жеке адамның жалпы қасиеттерінің дамуы (мінез-құлық, қызығушылықтар, санасы және т.б.).
Білім мен іс-әрекет тәсілдерінің дамуы
Игерілген тәсілдерді қолданудың психологиялық механизмдерінің қалыптасуы.
Даму сипаттамалары:
- Сандық және сапалық;
- Үздіксіз және дискретті;
- Әмбебап және жеке;
- Қайтымды және қайтымсыз;
- Мақсатқа бағытталған және бағытталмаған;
- Жекеленген және интеграцияланған;
- Прогрессивті және регрессивті.
Психикалық дамудың негізгі ұғымдары:
- Филогенез – адамзаттың биологиялық эволюциясы.
- Онтогенез – адамның туғаннан өмірінің соңына дейінгі жеке дамуы.
- Антропогенез – адамзаттың мәдени-тарихи дамуы.
- Микрогенез – қысқа мерзімді психикалық процестер.
Л.С. Выготский дамудың екі типін атап көрсеткен:
- Преформалы даму – алдын-ала жоспарланған, мысалы, эмбрионның дамуы.
- Преформалы емес даму – алдын-ала анықталмаған даму, мысалы, адамның психикалық дамуы.
Жас ерекшелік психологиясының құрылымы: Жас ерекшелік психологиясы қазіргі кезде психология ғылымының дербес саласы болып табылады және мына бөлімдерден тұрады:
- Теориялық мәселелер;
- Психологиялық дамудың негізгі факторлары;
- Психикалық даму кезеңдері (нәрестелік шақтан кәрілікке дейін).
Адамның психикалық даму кезеңдері:
- Нәрестелік кезең (0-1 жас);
- Бөбек кезеңі (1-3 жас);
- Мектепке дейінгі кезең (3-7 жас);
- Бастауыш мектеп кезеңі (7-11 жас);
- Жеткіншек кезеңі (11-15 жас);
- Жоғары сынып кезеңі (16-17 жас);
- Жасөспірімдік кезең (17-23 жас);
- Жастық шақ (20-30 жас);
- Кемелдік кезең (30-55/60 жас);
- Қартаю кезеңі (60-70 жас);
- Кәрілік кезеңі (70 жастан жоғары).
Зерттеу әдістері:
- Бақылау әдісі – адамның табиғи ортасындағы психикалық әрекеттерін зерттеу.
- Лонгитюдті зерттеу – ұзақ мерзімді бақылау әдісі.
- Өзін-өзі бақылау – адамның ішкі сезімдері мен ойларын зерттеу.
- Эксперимент – зерттеуші арнайы жағдайлар жасап, психикалық ерекшеліктерді зерттейді.
- Егіздер әдісі – тұқымқуалаушылық пен ортаның әсерін анықтау.
- Анкеталау – зерттелушілерден сауалнама арқылы мәлімет жинау.
- Биографиялық әдіс – жеке тұлғаның өмірбаянын зерттеу.
Зерттеу әдістері төрт негізгі топқа бөлінеді:
- Ұйымдастыру әдістері;
- Эмпирикалық әдістер;
- Мәліметтерді өңдеу әдістері;
- Интерпретациялық әдістер.
Кез-келген психологиялық зерттеу мына кезеңдерден тұрады:
- Дайындық;
- Зерттеу жұмыстары;
- Мәліметтерді өңдеу;
- Интерпретациялау және қорытынды шығару.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Намазбаева Ж.И. Психология. А., 2005.
Столяренко Д.Л. Основы психологии. Ростов на Дону, 2002.
Панасюк А.Ю. Система повышения квалификации и психологическая перестройка. М., 1991.
Петровский А.В. Психология. М., Академия.
Абрамова Г.С. Психологическое консультирование. М., 2000.
Григорян К.К. Психологические закономерности ощущений и восприятия. М., 1980.