logo
search
menu

ҚҚС Мәжілістің екінші оқылымында қабылданды

Мәжіліс депутаттары жаңа Салық кодексін және оған қатысты салық салу мәселелері жөніндегі түзетулерді екінші оқылымда қабылдады

30 сәуір, 2025
ҚҚС Мәжілістің екінші оқылымында қабылданды
zakon.kz

Мазмұны

    Парламент Мәжілісінің Telegram-арнасында хабарланғандай, бастапқыда Үкімет ұсынған 20%-дық мөлшерлеме 16%-ға дейін төмендетілді. Қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша міндетті тіркеу шегі 15 млн теңгеден 40 млн теңгеге дейін көтерілді.

    Сонымен қатар, 2026 жылдан бастап дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтерге 5%-дық, ал 2027 жылдан бастап 10%-дық төмендетілген ҚҚС мөлшерлемелері енгізілетіні айтылды.

    Сондай-ақ, кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, сирек кездесетін (орфандық) және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу аясындағы тауарлар мен қызметтер ҚҚС-тан босатылады.

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен отандық баспа кітаптары, сондай-ақ кітаптарды басып шығару қызметтері ҚҚС-тан босатылады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында қосымша есепке жатқызылатын ҚҚС көлемі 70%-дан 80%-ға дейін арттырылды.

    Жеңілдетілген декларация реформасы аясында рұқсат беретін тізімнің орнына тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі енгізілді. Өңірлік ерекшеліктерді ескеру үшін мәслихаттардың ±50%-ға түзету мүмкіндігімен 4%-дық бірыңғай мөлшерлеме белгіленді. Сондай-ақ, бизнес арасындағы операцияларға арналған арнайы салық режимінің қолданылу аясы кеңейтілді.

    Бұдан бөлек, құмар ойын бизнесі мен банктер үшін корпоративтік табыс салығы (КТС) мөлшерлемесі 25%-ға дейін көтерілді, алайда кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру бойынша кірістер үшін банктерге арналған мөлшерлеме 20% деңгейінде сақталды.

    Сондай-ақ, жеке табыс салығына (ЖТС) арналған прогрессивті шкала енгізіледі:

    • жалақы бойынша: 8500 АЕК-ке дейінгі табысқа – 10% (жылына 33,5 млн. теңгеге дейін), одан жоғары болса – 15%;
    • дивидендтер түріндегі кірістер үшін: 230 000 АЕК дейін – 5% (1 млрд. теңгеге жуық) және одан жоғары болса – 15%;
    • резидент емес жеке тұлғалардың кірістері үшін: 600 000 АЕК дейін – 10%, одан жоғары болса – 17%.

     

    user

    Меркіт Жоламан

    Taulik.kz порталының тілшісі