logo
search
menu

Шымкентте жүргізуші куәлігін сатқандар үйі мен көліктерінен айырылып қалды

Шымкентте жүргізуші куәліктерін жаппай сату ісі бойынша жаңа деректер жария етілді. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдіктілердің жалпы құны шамамен 200 млн теңге болатын жылжымайтын мүлкі мен автокөліктеріне тыйым салынды.

2 мамыр, 2025
Шымкентте жүргізуші куәлігін сатқандар үйі мен көліктерінен айырылып қалды

Мазмұны

    Тергеу деректеріне сәйкес, 2023–2024 жылдары №2 арнайы ХҚКО‑да («спецЦОН») жүйелі схема жұмыс істеген: емтихан тапсырмай‑ақ, 150‑ден 400 мың теңгеге дейінгі «алғыс» үшін куәліктер беріліп отырған. Тергеушілердің пайымынша, бұл схеманы орталықтың басшысы Мұрашимовтың өзі басқарған. Осы тәсілмен кемінде 500 адам жүргізуші куәлігін иеленген.

    Тергеу аясында екі особняк, екі пәтер, екі жер учаскесі және он автокөлікке арест қойылды. Барлығы 12 күдікті қамауға алынған.

    Тергеу жалғасып жатыр, ал «құжатты оңай алу» көлеңкелі индустриясының ауқымы бұдан да кең болуы мүмкін.

    user

    Меркіт Жоламан

    Taulik.kz порталының тілшісі