Курск гарнизонының әскери соты Дмитрий Стенькинді қамауға алды — ол «Пепел Курск» басылымының дерегінше, шекараға жақын орналасқан Гирьи ауылында тұратын әйелді өлтірді деген күдікке ілінген.
30 сәуірге қараған түні әскери қызметкер жеке үйге басып кіріп, оқ жаудырып, 41 жастағы Олеся Ларинаны өлтірген. Оның күйеуі Игорь ауыр жарақат алған. Болжам бойынша, шабуыл жасаған адам ерлі-зайыптының 10 және 6 жастағы екі қызын ұрлап әкетуге де тырысқан.
«Пепел» басылымының мәліметінше, Дмитрий Стенькин — Астрахань қаласынан шыққан бұрынғы сотталған адам. Ол кемінде үш рет сотталған, оның ішінде кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін де. Өткен жылы ол қайтадан колонияға түсіп, сол жерде Ресей Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырған.