logo
search
menu
Монахтармен жақындасып 12 млн доллар тапқан әйел ұсталды
Фото: коллаж Taulik.kz

Монахтармен жақындасып 12 млн доллар тапқан әйел ұсталды

Таиландта буддист монахтарымен жыныстық қатынасқа түсіп, бұл сәттерді видеоға түсіріп, кейін оларды қорқытып, ақша талап еткен әйел қамауға алынды. 

Тергеу материалдарына сәйкес, "мисс Гольф" деген лақап атпен белгілі әйел үйінде жүргізілген тінту кезінде монахтармен түсірілген 80 мыңнан астам интим фото мен видео сақталған. Полицияның мәліметінше, ол кемінде тоғыз монахпен жыныстық қатынасқа түсіп, оларды бопсалау арқылы үш жыл ішінде 11,9 миллион доллар пайда тапқан.

Оның шантаж схемасы тек видео мен суреттермен шектелмеген. 2024 жылы әйел монахтардың біріне жүкті екенін айтып, 200 мың доллар көлемінде "алимент" алған.

Қазіргі уақытта оған бопсалау, ақша жымқыру және ұрлық баптары бойынша айып тағылды. Әйелге қандай жаза қолданылатыны нақты айтылмады.

Оқиғадан кейін Таиландтың буддистік қауымдастығы жанынан арнайы тексеру комиссиясы құрылды. Діни қызметкерлердің мұндай әрекеттерге жол беруі қоғамда үлкен резонанс тудырған. Ел үкіметі буддист монахтарының уставты бұзу фактілері үшін айыппұл мен қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынып отыр.