logo
search
menu
Қожа Ахмет Яссауи хикметтерінің жаңа аудармасы жарық көрді
Фото: ашық дереккөз

Қожа Ахмет Яссауи хикметтерінің жаңа аудармасы жарық көрді

Қожа Ахмет Яссауидің хикметтері қазақстандық аудармашылар мен беларусь ақынынан құралған халықаралық әдеби ұжымның бастамасымен аударылып, сыйлық форматындағы кітап ретінде жарық көрді. Шығармашылық топ өздерін «Алишер Аль-Берести» деген ортақ бүркеншік атпен таныстырған.

Аударма эквиритмикалық тәсілмен жасалған, яғни шағатай тіліндегі түпнұсқаның ырғағы, буын саны мен ұйқасы толық сақталған. Осы арқылы хикметтердің тек мағынасы ғана емес, рухани әрі поэтикалық болмысы да берілген.

Үш жылдық жұмыстың нәтижесінде «Диуани хикмет» жинағындағы 85 хикмет аударылып, шамамен 160 беттен тұратын алғашқы том жарық көрді. Қалған хикметтерді қамтитын екінші томды шығару алдағы үш жылға жоспарланған. Басылым Түркістан қаласына келетін туристерге арналған рухани-мәдени сыйлық ретінде де ұсынылып отыр.

2023 жылғы Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Яссауи мұрасын терең зерттеп, оны кеңінен насихаттаудың маңызын атап өткен болатын.