Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Украина елшілігіне наразылығын білдірді

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Украина елшілігіне наразылығын білдірді

ашық дереккөзі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде министрдің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскиймен кездесті, - деп хабарлайды Taulik.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кездесу барысында елшіге 21 тамызда қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұхбатында айтқан мәлімдемелеріне байланысты наразылық білдірілді", - делінген хабарламада.
СІМ мәліметінше, Қазақстан тарапы мұндай мәлімдемелердің шет мемлекет елшісінің қызметіне сай келмейтіні және қолайсыздығы туралы ұстанымы білдірілген.
"Мұндай іс-қимылдар мемлекеттер арасындағы достық қатынастарға нұқсан келтірмеуге тиіс", - делінген СІМ хабарламасында.

Taulik.kz

Loading...