Денсаулық ұғымына келгенде, тек қана адамның физикалық денсаулығына емес, адамның саналық денсаулығынада көп мән берген дұрыс. Бұл ұғым психологияда ғылыми тұрғыдан зерттеледі, оны психологиялық денсаулық деп айтамыз. Психологиялық денсаулық - жұмыс сапасының кепілі, және де ыңғайлы атмосферасы бар ұйымдарда жұмыс жасауға деген ынта көбейеді. Сана және ми тыныштығы - жоғары еңбек өнімділігін береді, себебі тұлғаның бар назары жұмыста болады.
Ұйымдық психология – бұл ұйымдағы субьектілердің, яғни жұмысшылардың қалауын ескеріп, сонымен жұмыс жасайтын психологияның бір бөлігі. Оның мақсаты – жұмысшылардың өмірі мен жұмыс жағдайының сапасын жоғарылатып, соның нәтижесінде жоғары еңбек өнімін алу.Ұйымның психологиялық денсаулығына көп назар аудару екі жақты табысқа алып келеді. Ол жұмысшылардың еңбек сапасын жақсартуына және ұйым басшыларын ұйымды басқаруда пайда болатын кедергілерден босатады.Ұйымдық психология басқарушыға жұмысшы еңбегін өлшеп және басқаруға көмектеседі, оны дамыту, еңбек өнімділігімен жұмыс жасау, қай орындарда жұмыс қарқынының азайғанын көрсетіп, оларды жақсарту жолында ескертулер мен ұсыныстар береді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі магистратура сатысының студенттеріне оқытылатын “Басқару психологиясы” пәні аясында ұйымның психологиялық денсаулығы жайында көптеген ақпараттарды профессорлар дәрістерінен көре аламыз. Ұйымға психолог мамандарын алу және олардың ұйым жұмысшыларымен жұмыс жасауы көп жағынан ұйымға жақсы әсер береді.
Осы тұрғыда қай ұйымдар жиі психолог мамандарына жүгінеді деген сұарқ туындауы ықтимал. Көп жағдайда психолог маманына жүгінетін ұйымдар осы 5 экономикалық сектормен байланысты болады:
-ғылыми зерттеу және дамыту сервистары
-басқару ғылымы және техникалық сервистар
-үкімет және әкімшілік
-мемлекеттік әкімшілік
-компания және бизнес басқару комитеттері болып табылады.
Дәл тұлғаның физикалық денсаулығы маңызды секілді, психологиялық денсаулықта ұйымда ең елеулі рөлдерді ойнайды. Психологиялық денсаулық кез келген бағытта өте маңызды болып табылады, ұйымда, сонымен қатар жеке өмірде де. Ол - тұлғаның саналық тұрғыдағы жағдайы, егер оның психологиялық денсаулығы қалыпты болса, оның психологиясы толыққанды жұмыс істеп тұр, ол өзін жақсы сезінеді, көңіл-күйі жақсы дегенді білдіреді. Ал ұйымды толықтыратын элементтер - тұлғалар болғасын, олардың саналық және рухтық жағдайының жақсы болуы маңызды. Бұл ұйымды басқаруда да және еңбек өнімділігін арттыруда да өз септігін тигізеді.
Басқару психологиясы пәнінің оқытушысы Н.Жубаназарова ұйымдағы психологиялық денсаулыққа жаман әсер беретін жағдайларға:жұмыстың жұмыскерлер арасында дұрыс бөлінбеуі;жұмыскерлер арасындағы, немесе басшы мен жұмыскерлер арасындағы қайталанатын, шешімін таппаған конфликттер; жұмыс жасауға қолайлы жағдайлардың жасалмауы; жалақы төлемінің дұрыс бөлінбеуі сияқты жағдайлар психологиялық денсаулықтың төмендеуіне әсерін тигізеді деп атап көрсетті.
Ұйымдағы психологиялық денсаулықтың қалыпты болуы және дамуына: жұмыскерлер арасындағы, не басшымен жұмыскерлер арасындағы дау-дамайлардың екі жақты келісімге келініп, шешімін табуы; жұмыс жағдайының ережелерге сай болуы; жалақы тақырыбында ешқандай проблемалардың туындамауыұйымдағы психологиялық денсаулықтың дамуына көп септігін тигізеді.
Адамның рухани өмірі, оның физикалық денсаулығымен маңыздылығы жағынан парапар келеді. Адам өз денсаулығын спортпен шұғылданып, пайдалы диета сақтап және дәрігерлерге көрініп, оның жұмыс жасауын қамтамасыз ете алады. Ал психологиялық денсаулық адамның рухани демалысын талап етеді, ол үшін ол тарихи және мәдени ошақтарға барып, өз ойын басқа тұстарға назарлау керек. Сонда ғана біз осы өмірдің күйбелең тіршілік-шаруасынан және оның уайымдарынан босаймыз.
Жубаназарова Н.С.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
психология ғылымдарының кандидаты, профессор
Қайратова І.Қ.
жалпы және қолданбалы психология кафедрасының
аға оқытушысы
Кайрова Д.О.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
шетел филологиясы мамандығының 1-курс магистранты