Елімізде бірнеше жылдан бері көлік мәселесі көпшілік үшін әуелгі орынға шығып кеткені бәріне белгілі. Біздің нарыққа көлік жеткізіп үлгермей жатқанын ресми дилерлер мен дистрибьюторлар ашық айта бастағаны қашан?!
Алматы қаласында тіркелген 500 мыңға жуық көліктің тең жартысы қала көшелерінде жүргеніне жиырма жылдан асқан. Мегаполистердегі ауаның ластауына және экологиялық зиян ықылымның себебі де осы ескі көліктер. Қазірде Қытай және Оңтүстік Кореядан елге жетіп жатқан түрлі көліктер сұранысты белгілі бір деңгейде қанағаттандырып отқанын айта кету керек. Бүгін осы көлік саласының ішіндегі электротұлпарлар бағытын бір зерттеп көрмекпіз.
Қазақстанды және Орта Азияны электрокөліктермен қамтамасыз етіп жүрген ASAU Motors компаниясының директоры Самғар Шаймұрат мырзаға бірнеше сауалдар жолдап едік.
- Электромобильдер жалпы қашан пайды болды, Самғар мырза?
- Егерде сіз 1900 жылы Манхэттеннің көшелерінде серуендеп жүрген болсаңыз, ол жақта әуелі электрокөліктерді көретін едіңіз. Нью-Йорк жолдарындағы үш көліктің бірі электротұлпар болды. Һенри Фордтың ең алқаш шығарған T Model де электрокөлік еді. Дегенмен 30 жылдардағы жолдардың жақсара бастауы мен жанармайдың арзан болуы электрокөліктердің сахнасын XXI ғасырға қалдырды. Бүгінгі таңда әлемде жаппай электрокөліктердің қайта қарқынды дамып, сатылымда саны артып жатыр. Экологиядан бастап түрлі факторлар бар. 2020 жылы Еуропада сатылған көліктердің 12% осы электрокөліктер алып отыр. Жаңа көлік шығаруға қауқарлы 20-дан астам ел 2040 жылға дейін моторлы көліктен толықтай бас тартуға дайын отыр. 2030 жылға дейін сол елдер барлық аймақтарында электрокөліктерін ыңғайлы бағада, қолжетімді етіп шығаруды көздеп отыр.
- Сонымен электротұлпардың артықшылығы мен жетістігі неде?
- Ең әуелі электрокөліктер бүкілғаламдық климатты құтқармақ. Қазақстан мегаполистеріндегі климат ластануының негізгі көзі - көліктер. Алматы қаласында тіркелген көліктердің жартысына жуығы жүргеніне 20 жылдан асқандар екен. Дюк университетінің зерттеуі бойынша, жанармай құю станциясында әр сатып алынған 4,5 л бензин денсаулық пен қоршаған ортаға 3,80 долларға дейін шығын әкеледі. Ауылшаруашылық техникалары мен ауыр салмақты бұрғылау техникалары пайдаланған әр 4,5 л дизель сіз өмір сүрген әлеуметтік ортаға 4,80 доллар шығын қосады дейді. Ал, электрокөліктерде бензинді көліктерге қарағанда көміртегінің иісі де жоқ. Жаһандық жылудың салдарының бірі ретінде бензинді көліктерді жатқызсақ та болады.
Электрокөліктердің нақты артықшылықтарына тоқталсақ:
- Мұнай нарығынан азат;
- Қозғалыс кезінде дыбыссыз;
- Электр қуатының арзандығы;
- Қауіпсіздік;
- Кептелісте энергия аз жұмсайды.
-
Электрокөліктер саласының қарқын алып кетпей тұрғанына қандай факторлар әсер етіп жатыр?
- Меніңше электрокөліктер саласы бүкіл әлемде қарқынды дамып жатыр. Сондықтан, нақты бір үлкен кедергі бар демес едім. Дей тұрғанмен, электрокөліктердің өндірісіне бірнеше кедергілер бар, әрине.
Біріншісі, шикізат тапшылығы. Электрокөліктерді аккумуляторсыз елестету мүмкін емес. Дәл осы аккумулятор электр қуатын бөлетін құрал, қуаттау циклдары үшін жауап беретін - химиялық элементтер. Ол элементтер: литий, кобальт, марганец және неодим. Бұларсыз батареяны жинай алмайсыз, демек электрокөлікті де. Егер электрокөліктерді жаппай өндіру жолға қойылса, кобалттың әлемдік өндірісін екі есеге арттыру керек. Сондай-ақ жерде өндіріліп жатқан неодим мен литийдің төрттен үш бөлігін батарея шығарушы бір ғана елге арнау керек.
Нақты біздің елде неліктен қарқын алып кете алмай жатыр десеңіз, ол әлбетте менталды мәселе дер едім. Электрокөліктердің шығына бензин көлікке қарағанда ондаған есе аз. Көпшілік халық жайлап тексеріп көріп жатыр ғой қазір. Артықшылықтарын көре бастағанда көпшілік ауыса бастайды. Оған дейін біз насихатты тоқтатпауымыз керек.
- Бүкіл әлем электрокөлікке отырды дейік. Оған қуатты қайдан аламыз?
- Жеме-жемге келгенде болашақтан ешкім жалтара алған емес. Әлгі жоғарыдағы айтылған проблемаларға әлемдік электрокөлік өндіруші компанилар, одан қалса Илон Маск біле тұра қол құсырып отыр десеңіз қателесесіз. Илон Масктың 3 ірі компаниясының бірі баламалы энергия өндірумен айналысады. Ол түгілі өз елімізде де баламалы энергия өндіретін 50 жоба іске қосылған. Ол аз десеңіз енді Қазақстанның 8 облысында 19 станция салынбақ деген жаңалықтарды да естіп жатырмыз. Айтқаным парадокс дерсіз. Қайсыған жатқызсаңыз да өз еркіңізде. Алайда шындығы сол, жақын 5 жылда қаламыздың тұрақтарында электротұлпарларды жиі көретін боламыз. Бүгін-ертең электрокөліктерді дүркіретіп Отандастарымыз сатып алып айдап жүрсе несі жаман? Болашақ бүгін басталып қойды. Балаларымыздың дені сау, өзіміз сергек, Отанымыз таза болсын десек, бүкіл ел болып жасыл қуатты көліктерге ауыса бастамақ қажет. Өйткені, электромобилдер - сөзсіз қазақтың жаңа тұлпарлары.
Сұқбатыңызға рақмет, Самғар мырза!