Мәзір
27 қаңтар, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Ғалым-ұстаз

Ғалым-ұстаз

Ғалым-ұстаз Ғалым-ұстаз
ашық дереккөзі
Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз жазған «Ғылым үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жәй ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек» деген қағиданы ұстанып, ғылым жолында талмай еңбек етіп келе жатқан ғалымдардың арасынан тарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Ерекешева Лаура Гибратовнаға ерекше тоқталғым келеді. Лаура Гибратовна – зерттеу жұмысында жүйелілікті жаны сүйетін ғалым. 1989 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін үздік бітірген жас ғалым М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институтының аспирантура бөліміне оқуға түсіп, кандидаттық диссертациясын қорғаған. 2009 жылы докторлық диссертация қорғады. Орыс, ағылшын, түрік тілдерінде жарық көрген 80-нен астам монографиялардың, ғылыми мақалалардың, оның ішінде халықаралық рейтингтік басылымдардағы жарияланымдардың авторы, ұжымдық монографиялардың редакторы, сонымен қатар аналитикалық баяндамалары Үндістанда, ЮНЕСКО, Қазақстандық және үнділік БАҚ-та мақалалар мен сұхбаттар жарияланған. Еңбең жолын ассиссент-оқытушы қызметінен бастаған Лаура Гибратовна Сараптамалық және мемлекетаралық ұйымдарда (ҚР Президентінің жанындағы ҚСМС, Сыртқы саясат және талдау орталығы, ЕурАзЭҚ, ҚР БжҒМ Шығыстану институты, ЮНЕСКО «Ғылым және руханият» кафедрасы) түрлі лауазымдарда қызмет атқарды, қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының доценті, қауымдастырылған профессоры.  Өз зерттеулерінде жүйелер теориясы; мемлекет құру және мәдени бірегейлік; Орталық және Оңтүстік Азия аймақтарын географиялық тұрғыдан қамтитын пәнаралық деңгейде (дін социологиясы, дін антропологиясы, тарих, өнер тарихы) қарастырылатын «Басқа», мәдениетаралық өзара әрекеттесу мәселелерінің теориялық және концептуалдық негіздерін айқындады. Негізгі еңбектері – «Религия и политика в Южной Азии» (2005), «Культура и религия в истории Центральной Азии» (2013, 2016), «Индия, Китай: Центральная Азия: глобальные, региональные, страновые аспекты» (2017, ұжымдық моногрфия); ЮНЕСКО халықаралық жинақтарының бірлескен редакторы – «Межкультурный диалог и культурное разнообразие» (2007), «Transformations of Central Asian Societies» (2013); Халықаралық жинақтардың бірлескен редакторы – «India & Kazakhstan» (New Delhi, 2011),  «Полотно культур» (2020). Ғылым жолында бағыт-бағдар беріп, адами тұлғасының қалыптасуына үлес қосқан профессор Людмила Гордон-Полонская, академик Григорий Бонгард-Левин, профессор Александра Сафронова сияқты ұстаздардан тәлім алған. Ғалымды ғылыми үлкен жетістікке жеткізген шыңдардың бірі – алыс-жақын шетелдерде өткен ғылыми зерттеулерде, ұлттық және халықаралық ғылыми жобаларға, соның ішінде ЮНЕСКО, Катардағы Джорджтаун университетімен жобаларға қатысуда үлкен тәжірибеге қол жеткізді. Лаура Гибратовна халықаралық қатынастарды бастауға, ұйымдастыруға, кеңейтуге, ЮНЕСКО-мен ынтымақтастықты дамытуға белсене қатысады. 2015 жылы Йель университетінің (АҚШ, Фулбрайт бағдарламасымен қоса) Үндістанның Мәдени байланыстар кеңесінің (Үндістан) гранты бойынша шақырылған зерттеуші болды; 2016 жылы БҰҰ Бейбітшілік университетінің стипендиаты; Орталық Еуропа университетінің стипендиаты (Венгрия) атанды. Лаура Гибратовнаның кәсіби қоғамдық қызметті де қатар алып жүргенін атап өту керек. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитетінің (КОКСОН) сарапшысы, Ұлттық Ғылым Кеңесінің (ҰҒК) мүшесі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультеті диссертациялық кеңесі төрағасының орынбасары, ЮНЕСКО-ның «The Silk Roads Youth Research Grant» бағдарламасы аясында «The Silk Roads Dialogue, Diversity and Development Progtamme» жобасы бойынша ЮНЕСКО сарапшысы (2020), ЮНЕСКО мектебінің «MOST» (Әлеуметтік трансформацияларды басқару) бағдарламасы бойынша «Тәжікстандағы жастардың кері көші-қоны: проблемалар және дәлелді шешімдер» бағдарламасы бойынша ЮНЕСКО кеңесшісі (2019), ЮНЕСКО-ның Жібек жолы бойындағы мәдени өзара әрекеттестіктің интерактивті атласының «Діндер және руханият» тақырыбы бойынша ЮНЕСКО сарапшысы (2019), БҰҰ-ның Қазақстан Республикасымен 2021-2025 жылдарға арналған Орнықты даму саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын стратегиялық жоспарлау жөніндегі кеңеске сараптамалық қатысу (2019). Зерделі ғалым Бангладеште, Ұлыбританияда, Венгрияда, Германияда, Үндістанда, Молдовада, Пәкістанда, Ресейде, АҚШ-та, Түркияда, Францияда, Швейцарияда және т.б. халықаралық семинарлар мен конференциялардың жұмысына қатысты, соның ішінде халықаралық форумдар – Родос форумы – «Өркениеттер диалогы» (Греция, 2015, 2016), Raisina Dialogue (Дели, 2017, 2019, 2020), ЭЫДҰ форумы (Париж, 2018, 2019) және тағы басқа елдердің университеттері мен ғылыми орталықтарында баяндамалар жасап, дәрістер оқыды. 2022 жылдың желтоқсан айы мен 2023 жылдың тамыз айы аралығында Үндістан Ұлттық музейінің өнер тарихы, консервация және музеология институты (National Museum Institute of History of Art, Conservation and Museology) базасында Үндістанның мәдени байланыстар жөніндегі кеңесінің (ICCR – Indian Council for Cultural Relations) зерттеу грантына сәйкес Үндістанда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Отандық ғылымның  дамуына елеулі үлес қосқан 50 ғалымға жыл сайын  Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Үздік ғылыми қызметкер» атағын береді. Міне, осы елеулі марапат 2022 жылы Лаура Гибратовнаның еншісіне бұйырды. Бұл тынымсыз еңбектің жемісі мен жеңісі деп білеміз. Лаура Гибратовна ғалым ретінде шәкірттер тәр­биелеу ісіне де көп көңіл бөледі. Ол 1 ғы­лым кандидатын, 1 PhD докторды дайындап шығарды. Лаура Гибратовнаның ғылымдағы әлі де талай биік шыңдардан көретінімізге сеніміміз мол.

Шынар Канафьева

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Шығыстану факультеті

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының докторанты

Апта талқысында: