“2022 жылдың маусымынан желтоқсанға дейін жарты жыл бойы гинекологқа барып жүрдім. Ол маған эндомитриоз деген диагноз қойды. Желтоқсанда тағы қан кетіп, жедел жәрдем шақыртуға мәжбүр болдым. Сонда ғана “рак шейки матки” деген тұжырымға келді. Тек 28 желтоқсанда ғана диагноз нақтыланып, II кезең екені белгілі болды. Ал Кореяға емделуге барғанымда IV кезең болып шықты. Қазіргі таңда, 4-химиялық терапияға дайындалып жатырмын”, – дейді Сәудуақасова.Әлия Балқожаева есімді онкология хирургі папиллома вирусы жыныстық қатынас немесе жақын дене байланысы арқылы берілетінін айтады. Оның пікірінше, жыныстық қатынас пенетративті болғанның өзінде жұқтырып алу қаупі бар. “Папиллома вирусы инфекциясы асимптоматикалық ауруға жатады. Жұқтырған жайттардың 90%-ында денсаулыққа байланысты еш проблема тудырмайды. Симптомсыз болғандықтан, адам білмей, медициналық тексерістен өтпей жүре беруі мүмкін”, – дейді ол. Онкология маманының айтуынша, дененің иммундық реакциясы кейде инфекцияны жоя алады. Бірақ ол әр адам ағзасында әрүрлі болғандықтан, үнемі тексеріліп, ем алған жөн екенін алға тартады. “Мүшеқапты қолдану вирусты жұқтыру қаупін азайтады, бірақ ол жабылмаған тері айналасы тиген кезде де берілуі мүмкін”, – дейді Сәдуақасова. Денсаулық сақтау министрлігі вирусқа қарсы емді қыздардың жыныстық жетілу кезеңіне дейін салуды ұсынады. Себебі тек сол кезде вакцинаның ең жоғары тиімділігі қамтамасыз етіледі екен. Салынған вакцина иммунитеті кем дегенде 10 жыл сақталады. Айта кетсек, АҚШ билігі папиллома вирусына қарсы вакцина салу әсерінен соңғы 40 жылда әйелдер арасындағы жатыр мойны обырының таралу жиілігін 4 есе төмендете алған екен. Ал Аустралияда 2005-2015 жылдар аралығында 18-24 жастағы қыздар арасында папиллома вирусының таралу деңгейі 22,7%-дан 1,1%-ға дейін төмендеген.
Ильнара Менисова