«Дін істері комитетінің 2019 жылғы зерттеуіне сәйкес, халықтың 92,8% - ы өздерін діни деп санайды. Сенушілердің 70% - дан астамы - мұсылмандар. ҚМДБ-ның ғұламалар кеңесі электронды темекі адам денсаулығына зиянды болғандықтан, харам деген ұйғарыммен пәтуа шығарды. Оларды қолдануға болмайды», - деді ол.Ол атағандай, Ханафи мазхабының ғалымы Шейх Мұхаммед әл-Айни: «темекі шегу төрт нәрсенің арқасында харамға айналады. Бұл:
- Денсаулыққа зиян;
- Темекі есірткінің бір түрі екендігі және адамды әлсірететіні;
- Жағымсыз иістің салдарынан темекі шекпейтін адамға зиян;
- Ысырапшылдық.
«Электрондық темекіні пайдалану харам болып саналады. Электронды темекінің зияны бірнеше есе жоғары, өйткені ол жастардың денсаулығын тез өлтіріп, тұрақты тәуелділікті тудырады»,- деді Батыржан Мансұров.