Қазақстанда қатерлік ісікпен ауыратындар саны артқан

Қатерлік ісіктен қайтыс болғандар саны он мыңнан көп.

Онкологиялық ауру, рак, қатерлік ісік деп түрлі атаумен атасақ та, қазақ «жаман ауру» деп табу түсінікке салып жіберген дерттің дендеп бара жатқаны өтірік емес. Тек Қазақстан ғана емес, әлем аурудың таралып жатқанына, жыл сайын көбейіп бара жатқанына алаңдап отыр.

Халықаралық рак дертін зерттеуші мамандар 2020 жылдың желтоқсанында 185 елдегі онкологиялық жағдайды зерделеп, 19,3 миллион адамның дертпен ауыртаныны анықтаған. 10 миллион адамның осы дерттен қайтыс болған дерегін келтірген. Бұл көрсеткіш 2040 жылға қарай өсіп, қайтыс болғандар саны 28 миллионға дейін жетуі мүмкін деген болжам бар. Әлем алаңдап отырған тағы бір маңызды мәселе дерттің жасарып бара жатқаны. Яғни 50 жасқа дейінгі онкологиялық аурумен ауыратындар саны көбейген. Басты себеп - тамақ.

2022 жылы 133 523 қазақстандық онкологиялық дерттен қайтыс болған. Олардың ішінде:

48 221 - 0-62 жас аралығында

85 302 - 63 жастан асқандар

Ал соңғы онжылдықтағы көрсеткіш төмендегідей:  (дереккөз: factcheсk.kz)

2012 ж. - 16 855 адам

2013 ж. - 16 962 адам

2014 ж. - 16 241 адам

2015 ж. - 15 763 адам

2016 ж. - 15 177 адам

2017 ж. - 14 812 адам

2018 ж. - 14 369 адам

2019 ж. - 14 069 адам

2020 ж. - 14 150 адам

2021 ж. - 13 676 адам

2022 ж. - 13 037 адам

2022 жылғы дерек бойынша, Қазақстанда медициналық санитарлық алғашқы көмек көрсететін 2168 кабинет болса, соның тек 499-ы ғана онкологиялық кабинет болған. Сонымен бірге 482 онколог дәрігеріміз болған. Биыл бұл саны 500-ден асты деген дерек бар, бірақ нақты қанша екені белгісіз. Дегенмен 20 миллионға жуық халық тұратын еліміз үшін 500-ден аз ғана асатын онколог дәрігерлердің жетіспеушілігі байқалады. Әсіресе, ауыл-аймақтарда, алыс аудандарда бұл проблеманы көруге болады.

Кейінгі 10 жылдағы онкологиялық аурулар саны:

2012 ж. – 32005 адам
2013 ж. – 33029 адам
2014 ж. – 34352 адам
2015 ж. – 36438 адам
2016 ж. – 36813 адам
2017 ж. – 35695 адам
2018 ж. – 35758 адам
2019 ж. – 36272 адам
2020 ж. – 32490 адам
2021 ж. – 36127 адам
2022 ж. – 39077 адам

Жыл сайын елімізде онкологиялық дерттен қайтыс болатындар саны азайғанымен, дертке шалдығатындардың саны артып келеді.

Loading...