logo
search
menu

2025 жылы адамзат баласын қандай аспан құбылыстары күтіп тұр?

Табиғаттың ғажайып көріністерін жіберіп алмау үшін ең жақсы сәттер мен қажетті кеңестерді назарларыңызға ұсынамыз.

9 қаңтар, 2025
2025 жылы адамзат баласын қандай аспан құбылыстары күтіп тұр?
Фото: PA Media

Мазмұны

    2025 жыл астрономияға қызығушылық танытатын адамдар үшін ерекше қызық болмақ. Жаңа жылда астрономиялық күнтізбе бірнеше маңызды оқиғаларды қамтиды: ай және күн тұтылу, үш мәрте толған айдың көрінуі, метеорлық жауындар мен Солтүстік шұғыланың ерекше көріністері.

    Метеорлық жауын – Квадрантидтер

    Жаңа жыл метеорлық Квадрантид жауындарынан басталды. Бұл жыл сайын өтетін ең күшті метеорлық ағындардың бірі. Оның шарықтау шегі қаңтардың 3-4 күндері болды. Бұл кезде аспанда сағатына 120-ға дейін "жұлдыз" ағып өткенін көруге болады.

    Квадрантид атауы ескі жұлдыздар картасындағы "Қабырға квадранты" шоқжұлдызынан алынған. Бұл метеорлық жауынды бақылау үшін қаладан алшақтап, жарық көздерінен аулақ жерге бару керек. Аспанды анық көру үшін ауа-райының ашық болуы маңызды.

    Фото: Getty Images

    Күннің тұтылуы

    2025 жылдың 29 наурызында күн тұтылуы күтіледі. Бұл құбылыс кезінде ай күн мен жердің ортасына орналасып, күнді уақытша көлегейлейді.

    Толық тұтылуды тек Канаданың оңтүстік-шығыс аймақтарында көруге болады. Қазақстан аумағында бұл құбылыс көрінбейді. Күн тұтылуын бақылау үшін арнайы қара көзілдірік қолдану ұсынылады.

    Фото: AFP

    Айдың толық тұтылуы

    7 қыркүйекте Қазақстанның көптеген аймағында айдың толық тұтылуын көруге болады. Бұл құбылыс шамамен 5 сағатқа созылады, оның ішінде 1,5 сағат ай толық көлеңкеде болады. Жоғары төбе немесе ашық алаңда бақылау жақсырақ болмақ.

    Толған айдың көрінуі

    2025 жылы үш мәрте толған айды көруге болады:

    • Аңшылар айы – 7 қазан;
    • Құндыз айы – 5 қараша;
    • Суық ай – 4 желтоқсан.

    Айдың толық көрінуі – айдың жерге ең жақын келген кезіндегі бейнесі. Бұл кезде ай 30%-ға үлкенірек және 15%-ға жарық болады. Толған айды ешқандай құрылғысыз бақылауға болады. Бірақ телескоп немесе бинокль қолдансаңыз, әсерлі көріністі тамашалауға мүмкіндік бар.

    Солтүстік шұғыла

    Солтүстік шұғыланың көрінуі – күннің белсенділігі артуымен байланысты құбылыс. Ол аспанда түрлі-түсті жарық шоғыры түрінде көрінеді. 2025 жылы бұл құбылыс жиі байқалуы мүмкін.

    Шұғыла көбінесе жердің магниттік полюстері маңында пайда болады. Жарықтың қызыл, жасыл, күлгін реңктері атмосферадағы газдардың күн бөлшектерімен әсерлесуі нәтижесінде көрінеді. Ауа-райы ашық болса, шұғыланы көру мүмкіндігі артады.