logo
search
menu

Шерзатты пышақтаған адам нақты көрсетілді

Талғар ауданы Полиция басқармасының Криминалдық полиция бөлімінің бастығы Медет Әділжан сотта тың деректі баяндады

6 мамыр, 2025
Шерзатты пышақтаған адам нақты көрсетілді
kyn.kz

Мазмұны

    «Жедел кезекшіден хабарлама түскен соң, бірден аудандық полиция басқармасына бардым. Оқиғаға байланысты қарамағымдағы қызметкерлерді жұмылдырдым және әрқайсысына нақты тапсырмалар жүктедім. Кейін оқиға орнына өзім де бардым. Белгіленген жоспарға сай әрекет еттік», – деді ол.

    Сотта Нұрқанат Ғайыпбаевтың соңғы берген жауабының видеосы көрсетілді.

    «Қолымызда бірнеше адамның суреті болды. Ғайыпбаевтан күдіктілерді таныйсын ба? деп сұрадық. Ол "таныймын" деп жауап берді. Суреттерді көрсеткен кезде "мына азамат Шерзатты пышақтады, ал мына азамат мені пышақтады" деп көрсетті», – деді Әділжан.

    Судья Ержан Жанұзақов күдіктінің кім екенін нақтылауды тапсырды. 

    «Ол Шерзатты пышақтаған адам ретінде Шынасыл Абзалды, ал өзін жарақаттаған күдікті ретінде Тоқтаубаевты көрсетті. Екеуінің де фотосуреттерін танып, дәл көрсетті», – деп жауап берді Медет Әділжан.

    user

    Меркіт Жоламан

    Taulik.kz порталының тілшісі