«Эйнштейн айтқан» деп жүргендеріміздің бәрі өтірік болса ше?
Бүгінде әлеуметтік желілер мен мотивациялық плакаттарда жиі кездесетін: «Ақымақтық — бір істі қайта-қайта қайталап, әр жолы жаңа нәтиже күтумен тең» деген сөз, көпшілікке Альберт Эйнштейннің атымен таныс. Алайда бұл дәйектеменің ұлы физикке ешқандай қатысы жоқ. Оның осы сөзді айтқаны немесе жазғаны туралы ешбір дәлел жоқ. Бұл тіркестің ең алғашқы дереккөзі — 1981 жылы Al-Anon ұйымы жөнінде жазылған газет мақаласы, яғни Эйнштейн қайтыс болғаннан кейін 26 жылдан соң ғана пайда болған.
Альберт Эйнштейн — ғаламның табиғаты мен адамзат туралы терең ойлар айтқан ұлы ғалым. Бірақ желідегі кейіпінде ол даналықтың бітік шығаратын фабрикасы секілді көрінеді. Мысалы, мына сөздер де оған жиі телінеді:
«Қиял – өмірдің алдын ала көрсетілімі»
«Адам жаңа идеяны немесе әсерді қабылдаған соң, оның санасы бұрынғы қалпына келмейді»
«Мүмкін емес деді олар, бірақ ақымақ білмей, істеп қойды»
«Адамдар атом бомбасын ойлап тапты, ал бір де бір тышқан тұзақ жасаған жоқ»
«Өткен, қазіргі және болашақ арасындағы айырмашылық – тек қыңыр қиялдың нәтижесі»
Бұл сөздердің ішінде тек соңғысы ғана — 1955 жылы жазған хатында айтылған нұсқасымен шынайы байланыста.
"Дәйексөз магниттері" деген кімдер?
Цитаталарды зерттеуші Гарсон О’Тул (шын аты — Грегори Салливан) мұндай тұлғаларды «quotation magnet» немесе «quotation flypaper» деп атайды — яғни дәйексөздерді өзіне тартып алатын магнит тұлғалар. Бұлар — әйгілі, беделді және көпшілік үшін сенімді есімдер: Марк Твен, Оскар Уайльд, Майя Энджелоу, Уинстон Черчилль, Бенджамин Франклин. Олардың әрқайсысы – мәдениеттегі афористік архетиптер.
О’Тул — Quote Investigator (Цитаталық зерттеуші) сайтының авторы. Бұл жоба әйгілі сөздердің нақты авторын анықтауға бағытталған. Ол өз зерттеулерінде ең жиі жазатын сөйлемдердің бірі:
“Бұл сөзді Эйнштейн айтқан немесе жазғаны туралы нақты дәлел жоқ”.
Дәйексөздер қалай қате таралады?
Мұндай қателер көбіне ниетсіз қателіктерден басталады. Мысалы, бір адам белгілі тіркесті есте сақтап, оны айтқанда — авторын шатастырады немесе жай ғана естігеніне сүйенеді. Осылайша, мәтін ауызша «мәдени телефон» арқылы өзгеріп, жаңа мағына мен жаңа авторға ие болады.
Мысалы:
“People sleep peacefully in their beds at night only because rough men stand ready to do violence on their behalf.”
Бұл тіркес Джордж Оруэлл, Уинстон Черчилль және Редьярд Киплингке телінген. Бірақ алғаш сенімді дерек — 1993 жылы жазылған газет бағанасы, ал авторы — сыншы Ричард Гренье.
Тағы бір қызықты мысал:
“The cure for boredom is curiosity. There is no cure for curiosity.”
Көбіне Дороти Паркерге телінсе де, алғашқы дәлелді дерек – 1980 жылғы Reader’s Digest журналы, ал авторы — Элен Парр.
«Қытайдың қарғысы» және мәдени мутация
Тағы бір кең таралған тіркес — “May you live in interesting times” («Сен қызықты заманда өмір сүргейсің»). Көпшілік бұл сөзді ежелгі қытай қарғысы деп санайды. Бірақ О’Тул зерттеу барысында бұл тіркес алғаш рет 1936 жылы The Yorkshire Post газетінде жазылғанын анықтаған. Нақты қытай дерегі жоқ, бірақ Миң дәуіріндегі бір аңызда былай делінген:
“Бейбіт заманда ит болған артық, соғыс кезінде адам болғанша”
Неге Эйнштейн мен Черчилль секілді тұлғалар жиі қате аталады?
О’Тул бұл құбылысты үш фактормен түсіндіреді:
Тарихи салмағы бар тұлға — көпшілікке таныс және беделді.
Ақылды, тапқыр сөз айту қабілеті бар адам ретінде қалыптасқан бейнесі.
Архетиптік рөл — мысалы, Эйнштейн — данышпан, Черчилль — шешен, Твен — әжуалаушы.
Сол себепті, аты белгісіз адам айтқан жақсы ойды беделді тұлғаға телу арқылы ол тіркес көп таралатын және есте қалатын сипатқа ие болады.
Қазіргі технологиялар арқасында ақпаратты тексеру мүмкіндігі артты. Бірақ дәл сол технологиялар — мысалы, фейк видео, жасанды газет қиындысы, AI-генерацияланған дерек — ақпаратты бұрмалау жолдарын да жеңілдетіп жіберді.
Сондықтан, О’Тул кеңес береді: ақпаратты бірінші боп шығаратын сайттарға (мысалы, Goodreads, BrainyQuote) сене бермеңіз, сенімді дереккөздерді пайдаланыңыз — Google Books, JSTOR, ProQuest, The Internet Archive.
P.S. Эйнштейн айтпаған тағы бір дәйексөз:
“Insanity is plugging the same words into Google over and over again and expecting different search results.”
(Яғни, «Бір сөзді Google-ға қайта-қайта жазып, басқа нәтиже күтетін болсақ — бұл да ессіздік»).
Әлбетте, мұны да Эйнштейн айтқан жоқ. Бірақ бізге осы тақырыпты жақсырақ түсіндіруге көмектесті.