Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
25 тамыз, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Рекорд: Қазақстан Google-ден 47 рет контентті жоюға өтініш тастаған

Рекорд: Қазақстан Google-ден 47 рет контентті жоюға өтініш тастаған

Рекорд: Қазақстан Google-ден 47 рет контентті жоюға өтініш тастаған
ашық дереккөзі

Қазақстанда интернеттің жедел қызмет етуімен бірге, биліктің жеке ақпараттың таралуын қадағалауы, бақылауы, әрі бұғаттауының да саны артып келеді, деп хабарлайды Taulik.kz. 

Үкімет заңсыз материалды толығымен бұғаттауға құқылы. Бұғаттамастан бұрын, белгілі бір шектеу енгізеді.

 width=

Егер ескертпеден аттап, материалды өздері өшірмесе, билік тікелей желіге кіру мүмкіндігінен айырады.

Сонымен қатар, мемлекеттік цензураның ауқымын бағалау өте қиын. Бұл туралы жалпыға қол жетімді мемлекеттік деректер жоқ.

Алайда бұғатталған ресурстардың саны мен олардың неліктен бұғатталғанының себебі туралы деректерді қазақстандық Internet Freedom құқық қорғау ұйымы қарастырады.

Бұл ұйым Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен тікелей байланыста. Алынған жауаптарға сәйкес, 2014 жылдан 2022 жылдың сәуіріне дейін Қазақстанда 95 мыңнан астам интернет-ресурс бұғатталған. Тек 2021 жылдың өзінде де бұл көрсеткіш 13,2 мың материалды құрап отыр.

Бұғаттаудың ең басты себептерінің бірі -  қатыгездік пен зорлық-зомбылық, суицид және порнография культін насихаттау.

 width=

Бұл 2014 жылдан ағымдағы жылдың сәуір айына дейінгі жалпы блоктардың 42%-ын құрайды. Екінші орында терроризм және діни экстремизм идеяларын насихаттау: 33%-ды құрайды.

Алайда, Қазақстанның кейбір өткір тақырыптарға байланысты бұғаттаулары қаншалықты цензураға әкеп соғатыны түсініксіздеу болып отыр.

Қазақстан Google-ден контентті жоюды талап етуде. Өтініш саны 2011 жылы біреу болса, былтыр 159-ға дейін өскен. Соңғы үш жылда өтініш саны жыл сайын орта есеппен 1,8 есеге өсті.

Компания статистикасына сәйкес, Google үкімет сұрауларын сирек орындайды. Мысалы, 2021 жылдың екінші жартыжылдығында корпорация ҚР сұраныстарының 94,9%-ын қабылдамаған.

Қазақстан 10 жыл ішінде контентті жою себебі ретінде ұлттық қауіпсіздікке қатер төнгенін көрсетті – бұл олардың абсолютті санының 57%-ын құрады. Мұндай өтініш саны жылдан жылға өзгеріп отырды.

Қазақстанның материалды алып тастаудағы басты себебі үкіметті сынау факторы (соңғы 10 жылдағы 21%-ға өсті).

 width=

Соңғы екі жылда бұл параметр бойынша рекордтық көрсеткіш: 2020 жылы үкімет сынына байланысты Қазақстан Google-ге 44 рет, 2021 жылы 47 рет жүгінген.

Taulik.kz