«Жұма күні баламның сынып жетекшісіне қоңырау шалып: «балам бұл сабақтарға бармайды, бұл – сынып сағаты, оған қатысу міндетті емес қой дедім», – дейді Петрозаводск тұрғыны Анастасия Лукина.Оның ұлы университет лицейінің жетінші сыныбында оқиды. Ол – рейтинг бойынша қаладағы ең жақсы мектептердің бірі. Мұғалім жаңа сабақтарға қатысудан бас тарту мүмкін емес екенін айтты. Өйткені олар «бөлек есеп» болып табылады. Сонымен қатар ол Анастасияға бұл мәселені мектеп директорымен шешуді ұсынады.
«Ал дүйсенбі күні сабақ басталар алдында директор маған қоңырау шалып: «Сіз дұрыс түсінбеген шығарсыз. Бұл сабақтардың ешқандай зияны жоқ. Мектепте ешқандай саясат жасамаймын», – деді. Мен үндемедім, бірақ содан кейін директор айқайға көшті. Ол айқайлап: «Өзіңізді осындағы ең ерекше адам санайсыз ба? Егер конфликтіні қаласаңыз, жеке делоңызды жинап, өзіңізге жіберемін, қалаған жеріңізге барып оқыңыз!» – деді. Мен оған бұлай сөйлеспейміз деп жауап бердім және сол күні ұлымның бұл сынып сағаттарына қатыспайтыны туралы директордың атына тіркелген арнайы хат жібердім», – дейді ол.Білім министрлігі шілде айында Ресей мектептерінде Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында бекітілген «Ресей қоғамының құндылықтары» туралы сынып сағаттары пайда болатынын хабарлады. Бұл сабақ 1-11 сынып оқушыларына дүйсенбі күніне жоспарланған – дәл осы күні оқушылар сабақ басталар алдында ту көтеріп, әнұран шырқайды. Патриоттық сабақтарды дамытумен РАО білім беруді дамыту стратегиясы институты айналысты және бұл жоба үшін мемлекеттің бюджетінен 22 миллион рубль жұмсалды. Алайда мұғалімдерге бір жылдағы 34 сағат қосымша жүктеме үшін ақы төлеу жоспарланбағаны белгілі болды.

«Мұғалімдер альянсына» күн сайын балаларын «патриоттық сабақтарға» жібергісі келмейтін ата-аналардан 30-50 хабарлама келеді. «Мектепте бұны міндетті пән деп айтты. Бұл рас па?» деген мәтіндегі хаттар көп. Сонымен қатар мұғалімдер студенттер мен ата-аналарға қысым жасауға мәжбүр деп санамаймын», – дейді кәсіподақ төрағасы Даниил Кен.Кен «Медиазонаға» кәсіподаққа келіп түскен хаттардың скриншоттарын көрсетті. Олардың көбі мектеп әкімшілігінің қысымына қатысты екен. Кәсіподаққа жүгінген аналардың бірі ата-аналардың чатына «жаңа білім беру саясатымен келіспеу туралы» өтініш үлгісін жібергенін, содан кейін оны мектеп директоры сөйлесуге шақырғанын айтты. Бірақ әйел кездесуден бас тартқан.

«Ұлым алтыншы сыныпта оқиды. Сынып жетекшісіне баламның сабаққа бармайтыны туралы жазып жібердім. Ол маған қоңырау шалып айқайлады, бұл міндетті пән деп өтірік айтты, директорды айтып қорқытты. Өзім теледидардағы өтірікті өте ауыр қабылдаймын. Ұлымның үйге келіп, маған «Донбассты қорғау» туралы айтқанын қаламаймын», – дейді өтініш білдірушілердің бірі.«Мұғалімдер альянсына» келіп түскен хабарламаларға қарағанда педагогтарға да қысым жасалған.
«Директор педагогикалық кеңесте оларды педагогтың балалардың моральдық-адамгершілік тәрбиесіне қосқан үлесі ретінде ұсынуға тырысты. «Мұғалім балаларға тәрбие бермей, тек білім бере бастағаннан бері бәрі нашар болды, енді оны қалпына келтіру керек. Бірақ іс жүзінде мұның бәрі үлкен оксиморонға айналды. Балаларға әртүрлі пікірлер айтуға мүмкіндік беру керек, бірақ мақұлданғандарын ғана. Ситуация туралы үкіметтік ұстаныммен ғана айтып беріңіз. Балаларға мейірімділік пен адамгершілікті үйретіңіздер, бірақ олар соғысты мақтан тұтатын болсын» деді», – деп жазады Алтайдан келген мұғалім кәсіподаққа.
Taulik.kz