Мәзір
21 қыркүйек, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Тірі қалмайтынымызды білеміз: Соғыс туралы сарбаз бар шындықты айтты

Тірі қалмайтынымызды білеміз: Соғыс туралы сарбаз бар шындықты айтты

Тірі қалмайтынымызды білеміз: Соғыс туралы сарбаз бар шындықты айтты Тірі қалмайтынымызды білеміз: Соғыс туралы сарбаз бар шындықты айтты
ашық дереккөзі

"Бұл кәсіби әскерилер емес, екі корпус жергілікті тұрғындардан құрылған, олар кәсіпқойларға қарағанда жақсы соғысады", — деді Владимир Путин жақында өзін-өзі жариялаған ДХР-ң жұмылдырылған тұрғындары туралы. ДХР армиясының шынымен қалай соғысып жатқандығы туралы "Медиазонаға" соғыстың басында Мариуполь мен Луганск облысындағы шайқастарға қатысқаннан кейін, үйіне қайтуға рұқсат етілген мұғалім айтып берді. Taulik.kz тілшісі оқиғаны қазақ тіліне аударды. 

Жұмыстан қоңырау шалып, сонымен әскери комиссариаттан бір-ақ шықтым. "Мұның шаруаның біткені екенін түсіндік". Мен әскер деп аталатын жерге 23 ақпанда, жұрт айтпақшы, "ерікті" түрде келдім. Әрине солай, өйткені мен өзбетімше жергілікті МҮ-де болған шақыру пунктіне келдім ғой.

Бұл былай болды. 19 ақпанда Пушилин жалпы жұмылдыруды жариялағаннан кейін [өзін-өзі жариялаған ДХР басшысы Денис] бәрін таң қалдырды. Дүйсенбі, 21-і күні таңертең мен әріптесім екеуміз — содан кейін ол маған жауынгерлік жолдас болды - біз эвакуациядан бас тарту туралы түсініктеме жазу үшін жұмысқа бардық. Мұның өзі ақылға сыймайтын жағдай болды, өйткені 18 ақпаннан бастап әскерге шақырылған ер адамдар ДХР-дан тыс жерге шығарылмайтын болды. Жұмысқа келіп, директордан осы қағазды жазуым керек пе деп сұрағанда, одан оң жауап алдым. Мен кетпеуімнің ең дарақы себебін көрсеттім, яғни діни себептерге байланысты деп жаздым. Ол кезде менің ойыма басқа ештеңе келмеген болатын.

23 ақпанда таңертең әріптесім, болашақта әскери қызметтесім маған қоңырау шалды, біз әскерге бірге бармақшы болдық. Жиналу пунктіне келіп, ішке кіруге бел буғанша, ұзақ уақыт бойы кіре берісте тұрдық. Мұның шаруаның біткені екенін түсіндік.

 Соғысқа араластық та кеттік. " Автоматты қолға ал да, алға жүре бер"

Біз Мариуполь маңындағы бір ауылдан соң келесі ауылды қорғадық. Украиндықтар барлық жерде болды. Біз қаланың шығыс жағынан кірдік.  Тұрғын аудандарға кіруге мәжбүр болдық, қала үлкен. Шабуыл қалай жүзеге асты деп сұрасаңыз, айтайын.  Ол жай ғана қолына автоматты ұстап алып, картасыз алға қарай жүре бересің: әрине алдын-ала бізге жау болуы мүмкін ғимараттар мен бағыт көрсетілген болатын.

"Азовсталь" маңындағы өнеркәсіп аймағының шабуылы есімде. Қоймалармен, ангарлармен қиылысқан жергілікті тұрғындар әлі де өмір сүруді жалғастырып жатқан жеке сектор аймағы. Әскери фильмнің декорацияларына ұқсас жерлерді көрдім. Барлық уақыт ішінде, Стыладан соң ол ең көп дегенде бірнеше ғана оқ атқан болатынмын, өйткені жау зауытта қорғаныс сызығына қарай шегінген болатын.

"Азовсталь" зауытында бола тұрсақ та, соңына дейін шайқастық. Олардың өмір сүру үшін соғысқан бізден айырмашылығы, олардың не үшін соғысатыны туралы идея мен түсінікке ие болуында. Мүмкін, бұл есірткінің әсері де шығар. Бізге ұсталған кейбір украиндық тұтқындар оларды оқиға орнында атып тастамауы үшін көбінесе өздерін аспаз немесе жүргізуші деп көрсетті.

 Офицерлер. "Олар тек өз қорқыныштары пен шарасыздығын жуып-шаю үшін  ішуден басқа іске қауқары болмады"

Біздің офицерлер де біз сияқты жұмылдырылған болды. Олар бізге зектерге қарағандай қарады. Ресейлік кураторлардың бізге деген көзқарасы жақсы болған жоқ, тіпті одан да жаман болды. Адамның қадір-қасиетін, ар-намысын және т.б. қорлаудың барлық түрлері орын алды. Біздің  кінәміз қанша? Мен мұны әлі күнге дейін түсінбеймін.

Міне, әдеттегі командирдің бейнесі: түріне қарасаң жасы елуден асқан әдеттегі араққұмарды елестетіп көріңіз, бірақ төлқұжатында оынң жасы қырықтан аспайды. Мүмкін үлгілі отағасы шығар. Үй, жұмыс, содан кейін оған өзі көтере алмайтын жауапкершілік жүктелді, өйткені дұрыс білімі жоқ.

Жергілікті тұрғындардың қарым-қатынасы. "Біздің кінәлі екендігіміз туралы таусылмайтын шағымдар"

Біздің олардан айырмашылығымыз, біз бейбіт халыққа өзіміздің халыққа қарағандай көзқараста болдық. Біздің кінәлі екендігіміз туралы таусылмайтын шағымдар.

Біз өзіміздің "кінәмізді" өз харчоларымызбен жудық. Мен өзімнің бұқтырылған еті бар банкамды осы арамтамақтарға бердім, су үшін нені бергенімді айтпай-ақ қояйын. Адамдар соғыстың жүріп жатқанына екі ай болды деп санаса, бізде соғыстың болып жатқанына сегіз жыл болды. Біз олардың алдында бір нәрсеге қарыздармыз, біз кінәліміз! Ал оларға мені әскерге алдап соқтырып жіберді деп айта бастасам, олар мені естімегендей кейіп танытады. 

 Мариупольдің қирандылары туралы. "Қаладан тек атауы ғана қалды"

Міне, дұрыс айтылған — қирандылар. Сталинград. Қаладан тек аты қалды, оны қайта салатын болса, оны енді тану мүмкін емес шығар, бәрі де жойылды. Мұны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, қирауларлардың көптеген бейнетаспалары қалды. Мұны ештеңемен салыстыруға болмайды.

Менің ойымша, бұл соншама өлім мен бұзылған тағдырдың құнына тұрмайтын бос нәрсе еді. Мүмкін, бұл тек қаланың ДХР құрамында болуы керек деген принцип қана болды. Бірақ мен бұл біздің сегіз жыл бойы өмір сүргенімізден мариупольдықтардың ДХР-сыз да әлдеқайда жақсы өмір сүргенін айтқым келеді.

 Тамақтану. "Біз тамақты өзіміз тауып, теріп жедік"

Бізді сирек тамақтандырды, негізінен біз тамақты өзіміз тауып, теріп жедік. Жалпы, қолымыздан келгенше өмір сүрдік. Кей күндері көп нан әкелетін, кейде керісінше болды. Көгеріп кеткен нан жеген күндеріміз де болды. Нан тең үлестермен бөлінді. Мысалы, бізге шамамен 30 адамға екі нан берілді, енді әр адамға қанша нан үлестірілгенін есептей беріңіз. Бұқтырылған етпен де осыған ұқсас оқиға. Бір банкасы екі адамға берілді. Сонымен қатар, сардина банкалары да берілді, әрине, екі адамға біреуі берді.

Тұрмыс. "Іш киімді жуғаннан гөрі тастау оңай"

Жеке гигиена нөлге дейін төмендеді. Барлық уақыт ішінде алдыңғы шепте жүріп тек бірнеше рет қана жуына алдым. Дененің тазалығы дымқыл майлықтармен сақталды, мағанн тіс тазалау туралы ұмытып кетуге тура келді. Бақытымызға орай, бізбен бірге тіс дәрігері соғысты, байланыс көздерімен алмасып алдым, сәл тыныш бола қалса міндетті түрде барып, тістерімді толық тазалатып аламын.

Кір жуу. Бұл мүлдем табиғаттан тыс нәрсе. Іш киім жууға қарағанда, лақтыруға оңай шығыс материалына айналды. Онда бізді заттарды қалай кептіруге болатындығы ойландырды. Аяқ киімдегі шұлықтар және, тиісінше, аяқтар үнемі ылғал болды. Отты объективті себептермен жағуға болмайды.

 Ал, ұйқы туралы ұмытуға тура келді. Әр екі сағат сайын кезекшілік ету, сіздің өміріңіз бен жігіттердің өмірі сіздің ояу болуыңызға байланысты болды. Біз жатуға болатын барлық нәрселерде ұйықтадық, кейде отырып ұйықтадық, бірақ міндетті түрде автоматпен құшақтаса отырып. Басымның астына каскамды қоя алдым, кейде бронежилет киіп ұйықтадым, бірақ бұл Мариупольдағы операцияның соңында, кішкене тыныш бола бастағанда орын алды.

 Тонаушылық туралы. "Иә, қираған үйден көрпені алу тонау ма?»

Барлығығымыз да және барлық жерде тонаушылық жасадық. Қираған үйдің төсегінен көрпе алу тонау ма? Бір кезде бір жерден бір жастықты алып кеткен едім, елестетіп көріңізші, бір күні оны менен біреу ұрлап кетіпті.

Алдымен тонаушының кім екенін және тонау деген не екенін анықтап алу керек. Соғыс жүріп жатыр. Өзім олжаларды алдым, бірақ тек өмір сүру үшін ғана.

 Бас тартушылар. "Біз Ресейдің осы "арнайы операциясынан" ешқайсысымыз да тірі қалмайтынымызды түсіндік"

Алғашқы күндерден бастап адамдар қарумен қашып, есінен танып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған жағдайлар болды.

Сейілге кеткен қызметтестеріміз көп жағдайда сейілден оралмады. Мен осы айларда екі рет бостандықта болдым. Алғаш рет мамыр айының басында бір тәулікке сейілге босатылдым, бірақ ол қалаға сол күйі жете алмадым, Мариуполь маңындағы ауылда қалуды шештім. Екінші рет, маусымның басында екі күнге кеттім.

 Бұл немен аяқталды? Ештеңемен. Оларды бәрібір бізге Попаснаядағы позицияға әкелді, сонымен бітті. Осы көрсетілімнен кейін барлығының қызғылт көзілдіріктері ұшып кетті, барлығы бізді Ресейдің осы "арнайы операциясынан" тірідей ешкім босатпайтынын түсінді. Осыдан кейін Пушилиннің өзі келіп, бізді барлық жағынан тыныштандырды, алтын тауларды уәде етіп, соған иланып, бәрі қайтадан басталды.

 Болашақ туралы. "Соғыс енді аяқталмайды. Бітті, ұтылып тындық"

Егер мен бұл қылмыстық жауапкершілікке қатысты бос қорқытулар болғанын білсем, бәрін тастап, бронь алып, көлік жүргізу курстарына барып, көктемнің соңында үйленетін едім. Бұл оқиға маған бар нәрсені бағалау керек екенін көрсетті.

Қазіргі уақытта бұл мағынасыз соғыс. Мұнда адам факторы көп нәрсені шешпейді. ХХІ ғасырда мұндай әдістермен соғыс жүргізуге жол берілмейді. Қазіргі уақытта бәрін авиация мен артиллерия шешеді.

Күн сайын маған бір сұрақ келеді де тұрады: "Мен онда қалай келдім?». Бұл ойыннан қалай шығу керек, білмеймін.

Соғыс енді аяқталмайды. Соғыс та жоқ. Мұның бәрі "арнайы операция". Бітті, ұтылып тындық.

Taulik.kz

Апта талқысында: