Мемлекеттік Думаның Денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары Бадма Башанкаев Ресейде үш мыңнан астам дәрігерлер мен медицина қызметкерлері қақтығысқа жұмылдырылады деп мәлімдеді.
Олардың қатарында әскери-медициналық жоғары оқу орындарының түлектері, сондай-ақ азаматтық медициналық жоғары оқу орындарынан шыққан хирургтар, анестезиологтар мен травматологтар бар. Қазіргі таңда бүкіл ел бойынша дәрігерлер әскери комиссариаттардан шақыру қағаздарын алып жатыр.
Бұл туралы студенттер не айтады? Майданға шақырылса не істейді? Студенттер сөйлесін.
"Мен өз принциптерімді құрбан еткім келмейді". «Хакас» мемлекеттік университетінің 5-курс студенті. Емдеу ісі, Абакан
Мен Абаканда дәрігер мамандығында оқимын, бұл менің екінші білімім. 2015 жылы колледж бітірдім. Колледждің екінші курсында біз әскери кафедрадан өтіп, колледжді бітірумен қатар әскери есепке тұрдық.
Әскери қақтығыс басталған кезде жұмылдыру болатынын сездім. Алғаш рет хабарлағанда мен жылап алдым. Бұл өте қорқынышты.
Оның үстіне менің балам екі жаста. Мен үшін оны жоғалтып алудан асқан қасірет жоқ. Менің ойымша, мұның бәрі дұрыс емес, адамның өмірі ойыншық емес, өлім ештеңемен ақталмайды.
21 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де, маған : "ертең барлық құжаттармен бірге біздің әскери комиссариатқа келуге дайын болыңыз» деп жазылған шақыру қағазын әкелді. Сол сәтте ол жағдай туралы ойлануға да тіпті одан қандай да бір жолмен шығудың мүмкіндіктерін қарастыру да мүмкін болмады. Оның үстіне менің бүкіл отбасым әскерт күш құрылымдарында жұмыс істейді. Шегіну мен бас тарту мен үшін қолайсыз еді.
Дегенмен мені соғысқа шақыру коэфиценті аз. Өйткені мен онкология дертімен сырқаттанамын. Бірақ құжаттарымды әскери комиссариатқа алып келгенде, маған: "егер сенде ауру болса, онда ұрыс алаңында емес, әскери ауруханда қызмет етесің", - деді.
Әрине, егер мені шақырса, мен жиналып, барамын. Өйткені мен жігіттерімізге көмектескім келеді. Мен көмектесемін де. Олардың өмірлерін сақтаймын. Алайда маған жауды ату керек болса, мен мұны істей алмайтын сияқтымын. Әрине бұл ішкі қорқыныш. Бірақ бұл қорқынышты жеңу үшін, принциптарымды құрбан еткім келмейді.
Қазір біз студенттер де, оқытушылар да үрей үстіндеміз. Әзірге суденттерді шықырмау туралы бұйрық болса да, қай студенттер, қандай мамандықтар екені нақты айтылмаған. Мысалы, маған шақырту қағазы келді, менде 2 білім бар. Ал менің бірінші білімін алып жатқан курстастарым ше? Ал төртінші курстан кейін біз бәріміз медбике және фельдшер болып саналамыз. Түсініксіз.
"Олар барады дейді — біз барамыз". Санкт-Петербург әскери-медициналық академиясының 6-курс студенті
Біз университет бітіргенше бізді ешқайда шақыра алмайды, сондықтан бәрі тыныш болады деп ойлаймыз.
Бұған дейін академтяда қауессеттер болған. Өзіміз де осылай болады деп күдіктендік, себебі біз клиникаларда жараланғандардың ағынын көрдік.
Менің күйеуім әскери факультетте академияда оқиды. Ол және оның курстастары бұл оқуды не үшін оқығанын түсінеді, сондықтан олар соғысқа баруға дайын Ал мұғалімдер ашып ештеңе айтпайды – тіпті олар бізбен мұндай мәселелерді талқыламайды да. Біздің азаматтық факультетте оқитын және курсанттарға үйленген кейбір қыздар бітіргеннен кейін Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отыруға және олармен бірге ілесіп жүруге мәжбүр.
Адамдардың өлім құшатыны – міне, мені мені осы ашуландырады. Менің де жоспарым күйеуімнің қайда жіберілетініне байланысты. Егер соғысқа барса, мен де келісімшартқа қол қойып, онымен бірге жүруім керек. Егер ол жай бөлімше де қызмет етсе, мен резидентураға түсемін деп жоспарлап отырмын.
Taulik.kz