Мәзір
21 қазан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Көшбасшыларға ортақ тарихи кезеңдегі ұқсастықтар немесе жаңа реформаға жол

Көшбасшыларға ортақ тарихи кезеңдегі ұқсастықтар немесе жаңа реформаға жол

Көшбасшыларға ортақ тарихи кезеңдегі ұқсастықтар немесе жаңа реформаға жол Көшбасшыларға ортақ тарихи кезеңдегі ұқсастықтар немесе жаңа реформаға жол
ашық дереккөзі
Кез келген елдің тарихында өз көшбасшылары болады. Көшбасшы елі мен жерін қорғап қана қоймай, халқының әлеуметтік және экономикалық проблемасын шешуде басты рөл алады. Бұған алты құрлықтағы түрлі елдерді мысалға ала отырып айтуға, жазуға да болады. Дегенмен көшбасшылықтың озық үлгісін жасағандардың ішінде көшпелі қазақ халқының да өз үлесі бар. Тіпті тарихқа көз жүгіртіп, кезеңдермен салыстыратын болсақ, әр кезде болған хан, бас уәзір, қолбасшылары елдің ерлігін, бірлігін сақтап, жерді жаудан қорғаған. АҚШ-тың он алтыншы президенті болған Авраам Линкольн туралы әр ағылшын баласы біледі. Себебі мектеп қабырғасынан бастап оның ерлігін, оның демократия үшін күресін дәріптейді. Расында, оның басты ұстанымы: «Демократия – бұл халықпен құрылған, халық үшін таңдалған халықтың билігі» болды. Президенттік кезеңде ең бір қиын әрі маңызды шешімдерді қабылдайтын сәттерге түскен Авраам Линкольн өз халқын жаңа бір кезеңге алып шығу, ескі мен жаңаның ортасындағы үлкен бір өтпелі шақта еді. Солтүстік пен Оңтүстікте азаматтық соғысында жеңіске жетіп, ұлтты шоғырландыра алды әрі ең үлкен жетістігі – құлдықты ұғымын түбегейлі жойды. Ең соңында Америка деген мемлекеттің қандай екенін әлемге көрсете алды. АҚШ тарихында және басқа да елдердің тарихында көшбасшы топ біреу ғана болған жоқ. Солардың бірі – Франклин Рузвельт. Американың отыз екінші президенті. Рузвельт кезіндегі кезеңді әлем «Ұлы дағдарыс» яғни 1932-1933 жылдар аралығында болған АҚШ-тағы ең бір шешуге кезең деп бағалайды. Міне, дәл осы кезеңде «Жаңа бағыт» деп жаңаша дамудың жолын ұсынып, сол арқылы президенттік жұмысын елдің экономикасына қарай бағыттаған осы көшбасшы болатын. Әрине, айта берсек, бір емес, жүз емес мыңдаған көшбасшы тұлғаның әр кезеңде жасаған ерліктерін, олардың маңызды шешімді дер кезінде қабылдағанын тізе беруге болады. Ал көшпелі өркениетте ше? Бұл өркениеттің кейінгі жаңа дәуірмен байланысып жатқан көшбасшы болды ма? Жаугершілік заманда ел экономикасы, заң, құқық деген мәселе қаншылықты маңызды болды десек, арыдан тартып, көптің ішінен Тәуке ханды алып шыға аламыз. Тәуке жай ғана хан емес, олар реформатор бола білді. Оның билік құрған кезеңін қазақ тарихында «Алтын дәуір» деп атайды. Тіпті халық оның билігіне, елді алға қарай сүйреп, ерлік көрсеткені үшін «Әз Тәуке» деп те атады. Бұл дегеніміз «әділ» әрі «лайық» деген мәнді білдіреді. Бұл көшбасшылық ХХІ ғасырда да жалғасын тапты. Себебі көшбасы қай кезде болмасын, халықтың үміті мен ертеңін, жақсылық пен жақсы өмір үшін күшін беретін тұлға. Ел экономикасында, ішкі және сыртқы саясатында түрлі өзгеріс, жаңа серпіліс керек болған тұста Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев көшбасшылық қасиеттің үлгісін көрсете білді. Әрине, қазіргі көшбасы деп отырғанымыз білімді ғана емес, дипломатиялық жақтан білікті, қырағы президент. Тарихи және аса бір өтпелі әрі жаңа кезеңде тұрған Қазақстанның ендігі бағыты – Жаңа әрі Әділетті Қазақстан. Ал осы жолда реформа жасауға, маңызды шешім шығаруға кіріскен Қасым-Жомарт Кемелұлы туралы ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы Басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет былай дейді: ««Еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес. Бұл – біздің ұстанатын басты қағидатымыз», – деген Мемлекет басшысы «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын ұсына отырып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет екенін түйіндеді».  width= Бұл ретте Қасым-Жомарт Кемелұлы өз халқының, өз елінің азаматтарының қолдауына ие болған көшбасшы екенін атап айтқан жөн. Жоғарыда атап өткендей, Авраам Линкольн, Рузвельт, Тәуке хан секілді ұлы тұлғалардың, жаңашыл реформаторлардың бағытын өзінің жолына да негіз еткен оның да дәл қазіргі кезеңдегі аса маңызды тұлға екенін, көшбасшы екенін көруге болады.

Апта талқысында: