Мектеп директорларын тағайындау тәсілі өзгереді - АЙМАҒАМБЕТОВ
“Тиісті қор құрылады. Ол қортың шеңберінде де жұмыс жүргізіледі. Бұл жұмысты біз қарап отырмыз. Қазір оның ережелері дайындалып жатыр. Келесі жылдан бастап іске асырамыз деп біз дайындық жұмыстарын жүргізіп отырмыз”, – деді Асхат Аймағамбетов.Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов бұған дейін айтылып жүрген "жайлы мектеп" жобасының маңызы мен ауқымы жағынан бұрын-соңды болмаған ұлттық жоба екенін атап өтті. Жобаның негізгі 8 артықшылығы бар.
- Бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектеп ғимаратының жекелеген блоктарында оқиды. Сәйкесінше олардың өз оқу кабинеттері, спортзалдары, әжетханалары болады;
- Балалардың қаупсіздігі қамтамасыз етіледі. Әр мектепте бейнебақылау, дыбыстық дабыл орнатылады;
- Оқушыларға оқу құралдарын, ауыстыратын киімдерін сақтайтын жеке шкафтар берілді. Кітап оқуына, демалуына, шығармашылықпен айналысуына жағдайлар жасалады;
- Мектептерде заман талабына сай физика, химия, биология, робототехника сияқты кабинеттер болады және әр кабинетке тиісті экрандар орнатылып, оқушылар интернетке қосыла алады;
- Арнайы білімді қажет ететін балалар үшін барлық жағдай жасалады;
- Балалардың жас ерекшелігіне байланысты бірнеше спортзал қарастырылады.
- Мұғалімдерге де ерекше көңіл бөлінеді. Олардың кабинеттері, кәсіби зоналар, қосымша білім беруге арналған немесе жиын өткізетін залдар сондай-ақ, әр қабинетте интернетке қосылған жеке компьютерлер болады;
- Жайлы мектептер комьюнити орталығының рөлін атқарады. Әсіресе, бұл ауылдық жерлерге қатысты болмақ.
Taulik.kz