Біз әуежайды сату жоспарын 2021 жылдан 2024 жылға ауыстырдық. Бірақ қазір өңір басшысының тапсырмасымен премьер-министрге хат жаздық. Сол әуежайды жекешелендіру жоспарынан алып тастауды ұсындық. Қазір мемлекеттік комиссияда қаралып жатыр, - деді Ақтөбе облыстық қаржы басқармасының басшысы Нұрлыбек Өнербаев.Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің дерегінше, Қазақстанда 20 әуежай жұмыс істейді. Оның 12-сі – мемлекеттік, 6-ауы – жеке. Тағы 2 әуежай сенімгерлік басқаруда. Сондай-ақ 6 тікұшақ айлағы бар. Егер 7 әуежай жекешелендірілсе, мемлекет меншігінде 5 әуе қақпасы ғана қалмақ.
Мемлекеттік меншіктің үлесі 50 пайыздан асып кетсе, экономиканың тежегіш күшіне айналады. Ресми мәліметтерде 50 пайыздан асады, ал бейресми мәліметтерде ол 70-80 пайызға барады. «Жеке сектор – тиімдірек менеджер» деген ұғым бар. Негізінен мемлекеттік менеджмент жеке секторға жол беріп қояды, - дейді экономист Мақсат Халық.Бұл ретте мемлекет әуежайды толық қамтамасыз ете алмағандықтан сатады. Өйткені қажетті жабдықтары мен техникалық құралдар едәуір ескірген. Білікті мамандар да жетіспейді. Тағы бір себебі, халық саны аз болғандықтан әрі халықаралық рейстер дамымағандықтан, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың көлемі төмен.
Taulik.kz