Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
17 қыркүйек, 2022 / taulik / Жаңалықтар

ҚР азаматтық-процестік және әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы заңнамасына өзгеріс енгізілді

ҚР азаматтық-процестік және әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы заңнамасына өзгеріс енгізілді

ҚР азаматтық-процестік және әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы заңнамасына өзгеріс енгізілді
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының бастамасымен ағымдағы жылы азаматтық-процестік және әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы заңнамаларға біршама жаңашылдықтар енгізілді. Соның бірі эксаумақтық соттылық. Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік кодексіне 20 желтоқсан 2021 жылғы № 84-VII Қазақстан Республикасының заңымен енгізілген өзгерістер ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап қолданысқа енді. Өзгерістерден кейін, АПК-тің 32-бабына (шарттық соттылық) сәйкес, тараптар өзара келісім бойынша істі сот талқылауына дайындау сатысында осы іс үшін, оның ішінде соттың іс жүргізуінде жатқан істер бойынша аумақтық соттылықты өзгерте алады, эксаумақтық соттылықты таңдай алады. Эксаумақтық соттылықты таңдау туралы келісілген өтініш келіп түскен кезде іс автоматты түрде бөлінеді. Және істі соттың іс жүргізуінен республика бойынша мамандануы жағынан жүктемесі неғұрлым аз сотқа автоматты түрде қайта бөлу СО ААТЖ арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, азаматтар елдің басқа облыстарында отырып өзге облыстың соттарында істі қарауға қатысатын болады. Мұндай өтініш тараптардан түскен кезде іс сот талқылауына дайындау бөлігінде қайта бөлінуге жатады. Жоғарыда аталған заңмен АПК-тің 135-бабының 2-тармақшасы кодекстен алынып тасталды. Өзгерістерге сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы аударымдарын аудару туралы талаптар - сот бұйрығы шығарылатын талаптар қатарынан алынып тасталды. Өзгеріс ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді. Бұл жаңашылдықтар сыбайлас жемқорлық мәселелерінің алдын алуға бағытталған. Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы заңнамаға да бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. ҚР 11 шілдедегі 2022 № 137-VII Заңымен Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексінің (ӘҚБтК) 436-бабының (пиротехникалық бұйымдарды елдi мекендерде қолдану) 1-бөлігі, яғни елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда атыс қаруынан, газды, электрлі (өзін-өзі қорғау жағдайларын қоспағанда), пневматикалық және лақтырылатын қарудан оқ ату алынып тасталды. Сондай-ақ осы Заңмен, Кодекстің 590-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) 2-1-бөлігімен толықтырылған. Яғни мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқарғаны үшін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеті үшін жауаптылық қарастырылып, санкциясында жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру қолданылуы көзделген. Заңмен Кодекстің 613-бабына да бірқатар өзгерістер енгізуі көзделген. Баптың 1-бөлігінің санкциясында, ішкі істер, әскери полиция органдары қызметкерінің, көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамағаны үшін, айыппұл мөлшері 30-дан 40 АЕК айппұлға дейін артты. Аталған бап 3-1-бөлігінің санкциясында, яғни мұндай құқық бұзушылықты көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не басқару құқығынан айырылған адам жасаған әрекет үшін бұрын 50 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделсе, енді 60 АЕК не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алу жазасы қарастырылды. Бұл өзгерістер әкімшілік құқықбұзушылықтардың азайуына септігін тигізеді деп сенеміз.

Түпқараған аудандық сотының төрағасы Е.Бегенов