Мәзір
9 ақпан, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Аштық, жер сілкінісі: Сирия неліктен Түркияға қарағанда қатты зардап шекті?

Аштық, жер сілкінісі: Сирия неліктен Түркияға қарағанда қатты зардап шекті?

Аштық, жер сілкінісі: Сирия неліктен Түркияға қарағанда қатты зардап шекті? Аштық, жер сілкінісі: Сирия неліктен Түркияға қарағанда қатты зардап шекті?
ашық дереккөзі

Күніне үш жер сілкінісі болғаннан кейін қазіргі уақытта әлемнің назары негізінен Түркияға ауды. Алайда көршілес Сирия да аз зардап шегіп жатқан жоқ. Мемлекеттегі біраздан бері болып жатқан азаматтық соғыстан кейінгі экономикалық жағдайды ескеретін болсақ, жер сілкінісінің салдары сириялықтар үшін одан да қайғылы болатыны анық, деп жазады taulik.kz.

"Әлемнің кез келген жерінде бұл төтенше жағдай ретінде айтылар еді. Ал Сириядағы жағдай тіптен бөлек, бұл төтенше жағдай ішіндегі төтенше жағдай болып тұр", - деді халықаралық құтқару комитетінің өкілі Марк Кайе.

Сириядағы ең көп зардап шеккен аудандардың бірі – елдің солтүстік-батысы. Өйткені солтүстік аймақтар әлі де көтерілісшілердің бақылауында. Мысалыға, дәл осы жерге үш миллионға жуық адам соғыстан қашып келген. Олардың көпшілігі шатырларда және қолдан жасалған баспаналарда тұрып жатыр.

Соғыстан туындаған экономикалық ахуалға байланысты олардың көпшілігі аштыққа ұшыраған. Қыста болған жанармай дағдарысына байланысты адамдардың көбі жылусыз қалған. Сонымен қатар Сирияның қираған инфрақұрылымы кейінгі айларда мыңдаған адамның тырысқақ ауруына шалдығуына әкелді, ал қираған ауруханаларда медициналық көмек көрсететін арнайы мамандар жоқтың қасы.

Дүйсенбі күні мұның бәріне ауқымды жер сілкінісі қосылды.

Ауруханалардағы көріністер соғыс кезіндегі суреттерді бейнелегендей: пациенттерге толы палаталар, кереуеттердің жетіспеуі және әр бұрышта зардап шеккендерді емдеп жатқан дәрігерлер.

"Біз әскери ұшақтарды іздеп аспанға қарай бердік. Менің миым бұл тағы да соғыс деген сингал берді", - дейді дәрігер Осама Саллум.

Саллум елдің солтүстік-батысындағы оппозицияның бақылауындағы бірқатар ауруханаларды қолдайтын Сирия-Америка медициналық қорында жұмыс істейді.

"Жер сілкінісінен бірнеше сағат өткеннен кейін Атаребадағы ауруханада болдым. Ол жерден шыққан кезде 53-ке жуық адам қайтыс болған еді. Ал жараланғандарды санап үлгермедім", - дейді ол.

Оның айтуынша, тек осы аурухананың өзінде сол кезде 120-дан астам адам қайтыс болған және ресурстардың жетіспеушілігі апаттың салдарын жеңе алмаған.

"Үйінділерден құтқарылған адамдардың көпшілігінде арнайы медициналық көмекті және заманауи құрал-жабдықтарды қажет ететін үлкен жарақаттар болды", - дейді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Атаребадағы ауруханада бір ғана ескі томограф бар екен.

Соғыс қимылдарының аяқталғанына қарамастан, елдегі денсаулық сақтау жүйесі әлі қалпына келіп үлгермеген. Халықаралық құтқару комитетінің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Сирияда соғысқа дейінгі медициналық мекемелердің шамамен 45%-ы ғана жұмыс істеп тұр.

Апта талқысында: