Атбасардағы сотталушыны ұрып-соғу: ҚАЖК төрағасы түсініктеме берді

11 адамның 9-ы жұмыстан шығарылды

ашық дереккөзден

ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасы Жанат Ешмағамбетов 8 қыркүйекте өткен дөңгелек үстелде Ақмола облысы ҚАЖД басшылығы Атбасар колониясында жазасын өтеушіні ұрып-соғу оқиғасынан кейін жұмыстан шығарылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жанат Ешмағамбетов дөңгелек үстел отырысында бұл оқиғаны төтенше жағдай деп атап, түзеу мекемесінің қызметкерлері өкілеттіктерін асыра пайдаланғанын айтты.

«Біз бұл жазбаларды желіде көргенде, бірден іске араластық. Менің бірінші орынбасарым сол жерге кетті. Біз қызметтік тергеу жүргіздік, материалдарды жеке қауіпсіздік басқармасы арқылы прокурорға бердік. Қатысқандардың барлығы 11 адам, олардың тоғызы бірден жұмыстан шығарылады, екеуі ауруханада, бірақ ауруханадан шыққан кезде де жұмыстан шығарылады. Сондай-ақ, осы мекеменің бастығы мен бастығының орынбасары қызметтен босатылды. Облыстық ҚАЖД бастығы қызметінен босатылуға ұсынылды, бүгін оның орынбасары босатылды», - деді Жанат Ешмағамбетов.

Ол ҚАЖК өкілдері жазбаны мұқият қарап шыққанын және сотталған адам белсенді қарсылық көрсетпегенін, алайда колония қызметкерлері өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген қорытындыға келгенін атап өтті.

«Шағымдар болды, Заңды талаптардың орындалмауы болды. Мұндай жағдайларда арнайы құралдар қолданылмайды. Біздің ойымызша, сотталушының тәртіпке бағынбау әрекетін видеоға жазып, хаттама ресімдеу және тәртіптік изоляторға қамау туралы қаулы шығару қажет еді», - деп түсіндірді ҚАЖК басшысы.

Оның айтуынша, қылмыстық-атқару кодексінде «әрбір сотталған адам аптасына екі сағат колония аумағында абаттандыру жұмыстарын тегін орындауы, соның ішінде үй-жайларды бояумен және жөндеумен айналысуы тиіс» деген тармақ бар. Бұл жуыну және дәретхана бөлмелеріне де қатысты. Жұмыстан бас тартқан жағдайда сотталушы тәртіпті қасақана бұзу бойынша изоляторға қамауға алынады. Жазасын өтеушілер нақты қандай жұмысты атқаратындарын таңдай алмайды.

Loading...