Шымкентте ер адам битум құйылған бөшкеге құлап мерт болды, деп хабарлайды Taulik.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «112» құтқару қызметіне 2023 жылғы 11 қыркүйекте сағат 08:56-да хабарлама келіп түскен. Онда Клара Цеткин көшесі бойында орналасқан «ОЛАКС» ЖШС-да ер азамат битум құйылған темір бөшкеге құлап кеткені туралы айтылған.
Жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесі оқиға орнына жедел жетіп, альпинистік арқандар мен тыныс қорғау аппаратын қолданып, ер азаматтың мәйітін жоғары шығарды.