Тәжікстан мемлекеті Қазақстаннан ескі көліктер мен олардың құралдарын әкелуге тыйым салынатыны жайлы ескертті, деп хабарлайды Taulik.kz.
Бұл туралы ҚР сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қазақстандық стандарттау және метрология институтының баспасөз қызметі хабарлады. Бұл шектеулер 2013 жылға дейін шығарылған көлік құралдарына қолданылады.
«Тәжікстан ауаның ластануының және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтірудің негізгі көзі болатын ескі автомобильдерді әкелудің алдын алуға, сондай-ақ ескі автомобильдерден қалдықтар (аккумуляторлар, шиналар, кондиционерлер) санын едәуір арттыруға бағытталған Жарлық дайындады», - деп хабарлады ҚазСтандартта.