104 жастағы әйел адам парашютпен секіріп, рекорд жаңартты

Ол 4100 метр биіктен секірген.

Midjourney

104 жастағы Чикаго тұрғыны рекорд жаңарту үшін парашютпен ұшақтан секірді. Бұған дейін бұл рекорд 103 жастағы швециялық әйел адамға тиесілі еді, деп хабарлайды taulik.kz

«Адамның жасы – жай ғана сандар», - деді Дороти Хоффнер.

ҚазАқпарат агенттігінің жазуынша, Ол Чикагодан оңтүстік-батысқа қарай 85 миль (140 шақырым) қашықтықта жерге қонды. Ол 4100 метр биіктен секірген. 

Ең кәрі парашютшы ретінде Гиннес рекордын 2022 жылдың мамыр айында швециялық 103 жастағы Линниа Ингегард Ларссон орнатқан болатын.

Ал қазір Чикагодағы Skydive компаниясы Хоффнердің есімін Гиннестің рекордтар кітабына енгізуге талпынып жатыр. 

Loading...