The Futures Agency консалтингтік агенттігінің бас директоры, швейцариялық футуролог Герд Леонгард жұмыссыз қалуы ықтимал мамандарды атады, деп хабарлайды Taulik.kz.
Сарапшының айтуынша, әлемде такси жүргізушілері жұмыссыз қалуы мүмкін.
“Такси жүргізушілерін алайықшы. Олар – өте креатив жігіттер, бірақ олар көп ұзамай жұмыссыз қалуы мүмкін. Оның орнын роботтар басады. Құрметті ұстаздар, сіздер білім жүйесінде жұмыс істеп жүрсіздер. Алайда қандай да бір деңгей де, сіздер де роботсыздар. Мысалы, сіздер мектепте роботтар сияқты жұмыс істей берсеңіздер, (болашақта) жұмыс болмайтынын мойындауыңыз керек. Егер сізге ақпаратты қалай есте сақтауды үйретсе, робот сіздің алдыңызды орап кетеді. Сондықтан басқаға үйрету керек”, - деді футуролог.
Сонымен қатар сарапшы 2030 жылға қарай барлық бағдарламашылар жұмыссыз қалуы мүмкін екенін айтты. Бірақ алдымен роботтарға қандай жұмысты сеніп тапсыруға болатынын анықтап алу керегін мәлімдеді.