Қазақстанда медициналық көмекті марқұмдар да алады

Медициналық қызметке тексеріс жүргізілгенін мәлімдеді.

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек тағы да жемқорлықтың белең алған саласы бар екенін ашып айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.

Депутат Базарбек жемқорлықпен жүйелі түрде күреспесе, мемлекеттің денсаулық сақтау саясаты құрдымға кетеді деп есептейді.  Ол медициналық қызметке тексеріс жүргізілгенін мәлімдеді.

“Мәселен, 2023 жылы Астана қаласының прокуратурасы тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 2500 адам негізсіз қызмет алған, олардың арасында марқұмдар да бар. Іс жүзінде олар ауырмаған, тіпті кейбірі қайтыс болып кеткен. Кейбірі Астана қаласында тұрмайды. Алайда олар медициналық қызмет алып жүрген. Салдарынан бюджетке жүздеген млн теңге шығын келтірілген. Олар тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Қылмыстық іс қайда? Сіз айтқан қылмыстық істер қайда? Мұнда мемлекет қаржысы жымқырылды. Сондықтан қылмыстық іс қозғау керек”, - деді депутат Мәжілістегі үкімет сағатында.

Loading...