Талдықорғанда мектеп оқушысы жездесінен жүкті

9 сыныпты бітіріп, колледжге құжат тапсыру кезінде жүктілігі белгілі болады.

Талдықорғанда 15 жасар қыздың жүкті екені анықталды. Бұл туралы Taulik.kz мәлімдейді.

9 сыныпты бітіріп, колледжге құжат тапсыру кезінде жүктілігі белгілі болады.

Мектеп оқушысы баланың әкесі ретінде әпкесінің 21 жастағы күйеуін атайды.

Бірақ колледжге түсу кезінде қыз медициналық тексеруден өтуі керек болды, содан кейін дәрігерлер ғана емес,  полицейлер де оның жүкті екенін білді.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы («16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған баланың 21 жастағы туысы іс материалдары бойынша күдікті. Қылмыстық істің тергелуі облыстық Тергеу департаментінің ерекше бақылауында» деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Loading...