logo
search
menu

41 жастағы ер адамға банк 70 млн теңге сыйлады

41 жастағы британдық Урслан Ханның басынан ерекше оқиға өтті.
Бүгін, 13:15
41 жастағы ер адамға банк 70 млн теңге сыйлады

Мазмұны

    Қарапайым кеңсе қызметкері кенеттен ақшаның астында қалды. Ұйқыдан ояна сала, картасын тексерген ер адам таңғажайып оқиғаға тап болды - деп хабарлайды Taulik.kz Daily Express басылымына сілтеме жасап.

    41 жастағы британдық Урслан Ханның басынан ерекше оқиға өтті.

    Ханның картасында бұрын тек 1 фунт қалған болатын. Ұйқыдан тұрып, картасын қараса – 122 мың фунт (70 миллион теңгеге жуық) сома көрсетілген. 

    Ер адамның айтуынша,ол абдырап, бірден банкке қоңырау шалған.

    Ол Gatehouse Bank қызмет көрсету орталығына хабарласып, оқиға туралы мән-жайды түсіндіріп, хабарласты. 

    Қаржы мекемесінің қызметкерлері күтпеген мәлімдеме жасады. Олар ақшаны өзіне қалдыруды мәлімдеген. 

    PS: Құдай берем десе бір-ақ сәт екен, а? 

    user

    Інжу Өмірзақ

    Taulik.kz тілшісі