Жұмыссыз қалған жағдайда төлем алу үшін қандай шарттарды орындау керек

Жұмыссыз азамат МӘМС жүйесіне тіркелуі міндетті

Жұмысынан айырылған азамат мемлекеттен төлем алуы үшін қандай шарттарды орындауы керек, бұл туралы Taulik.kz ақпараттық агенттігі жазды.

Еңбек министрлігінің мәлімдеуі бойынша, жұмыссыз азамат Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) жүйесінде болуы керек.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»

 

Сонымен, төлемді тағайындату үшін жұмыстан босап қалған адам:

- eGov.kz порталында авторизациялануы керек;

- «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдауы керек;

- Онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолақты толтырып, ЭЦҚ/ЭЦП-мен қол қойып, өтінімді жіберуі керек.

Толтырылған жеке деректер бойынша тұрғылықты аймақтағы Мансап орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады. Егер бос жұмыс орындары болмаған жағдайда, 3 күн ішінде толық жұмыссыз статусына ие болады.

Төлем тағайындалуы үшін өтініш берушінің келісімі қажет.

 

Loading...