Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search

Ботқадағы құрт: Павлодарда мектеп директоры сөгіс алды

Оқушылардың ыстық тамағынан шыққан құрттың суреті желіде қызу талқыланды

Ботқадағы құрт: Павлодарда мектеп директоры сөгіс алды

Павлодардағы орта мектептердің бірінің директоры сөгіс алды, деп хабарлайды Taulik.kz.

«Мұндай шара мектептегі тамақтану мәселесін дұрыс бақыламағаны үшін қабылданды. Асхананы жалға алушымен келісімшарт бұзылмады», - деді Қуаныш Қыдыралин.

Еске салайық, әлеуметтік желіде мектеп асханасында берілген ботқа мен котлеттің ішінде құрты бар фото тарады. Желі қолданушылары мектеп әкімшілігіне түрлң шағымдар мен пікір қалдырды. Мектеп әкімшілігі бұл жағдайды растады, бірақ пісірілген ботқаның жармасы бұзылмағанын атап өтті. 

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ботқаның ішінде құртты тапқан оқушының анасы шағым жазудан бас тартқанын хабарлады. Ал департамент өтінішсіз өздігінен тексеріс жүргізе алмайды.