Жаңа бастама: Әр баланы бағуға мемлекет ай сайын ақша бөледі

Бір "кәсіби асырап алушы отбасында" төрт бала тәрбиеленеді.

Қазақстанда алдағы уақытта құрылатын "кәсіби асырап алушы отбасылар" қандай болатыны белгілі болды. Бұл туралы Taulik.kz.

Әр баланы бағуға мемлекет ай сайын белгілі бір соманы төлейтін болады.

"Бір "кәсіби асырап алушы отбасында" төрт бала тәрбиеленеді. Асырап алушының жасы 30-дан 53-ке дейін болуы тиіс. Ал "кәсіби асырап алушы отбасы" мәртебесін алуға өтініш білдірген ата-аналар психологиялық дайындықтан өтіп, қорғаншылық және қамқоршылық органдарынан аккредитациядан өтуі керек", - деді Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.

Loading...