Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search

СҚО-да 20 бас мал пойыздың астында қалып қойды

Пойыз жүргізушісі тежегеш басқанымен оқиғаның алдын алу мүмкін болмаған

СҚО-да 20 бас мал пойыздың астында қалып қойды

20 бас ұсақ мал жүк пойызының астында қалып қойды, деп хабарлайды Taulik.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Осы жылдың 9 айында жалпы еліміздің темір жолында 873 рет үй жануарларын басып кету фактісі тіркелді, оның ішінде 480 бас жылқы, 240 бас ірі қара мал, 79 ұсақ мал.

Пойыздардың жануарларды қағып кетуінің негізгі себептері – мал иелері тарапынан жіті бақылаудың болмауы. Сондай-ақ, жергілікті атқару органдарының тарапынан тиісті жұмыстардың жүргізілмеуінің салдары мемлекетті үлкен шығындарға және пойыздар кестесінің өзгеруіне әкеп соғатынын айта кеткен жөн.

– Мәселен, 11 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысының Уголки – Саумалкөл аралығында жүк пойызының машинисі темір жолдарда ұсақ малдың болуына байланысты шұғыл тежеуді басқан. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмаған. Нәтижесінде 20 ұсақ мал пойыз астында қалып кетті. Пойыздың жоспарланбаған тұрағы 34 минутты құрады.

Тексеру барысында үй жануарларының иесі болып табылатын Солтүстік Қазақстан облысының 30 жастағы тұрғыны анықталды. Құқықбұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 559- бабы 1-бөлігімен (Темiржол көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп мәлімдеді облыстық ПД.

Шұғыл тежеуді қолдану кезінде туындаған жоғарыдағы мәселелерден бөлек, локомотив бригадалары мен жолаушылардың өміріне қауіп төніп, жарақат алулары мүмкін.

Осыған орай, полицейлер үй жануарларының иелері темір жол бойында мал жаюға жол бермеуі, оларды қараусыз қалдырмауы тиіс екенін тағы да еске салады. Құқық бұзушылық орын алған жағдайда ескерту немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген. Айта кетейік, аталған құқық бұзушылық жасағыны үшін жыл басынан бері 975 азамат жауапкершілікке тартылды.