Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев Ақмола облысындағы қауіпсіздігі орташа колонияға ауыстырылды, - деп хабарлайды Taulik.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Сіз айтып отырған азамат ЕЦ-166/1 мекемесінен 11 қазанда шығып, 12 қазаннан бері Ақмола облысындағы қылмыстық-атқару жүйесінің №7 (Гранитный ауылы) қауіпсіздігі орташа мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Алғаш рет сотталғандар жазасын қауіпсіздігі орташа мекемелерге өтеуге жіберіледі», - деп хабарлады олар Қылмыстық атқару жүйесі комитеті.
Еске салайық, былтырғы наурыз айында Қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаевқа қатысты квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемдегі қаражатты ұрлау фактісі бойынша тергеуді бастаған еді. 17 наурызда Астана соты Қайрат Боранбаевтың қамауға алынғанын хабарлады.